жасушалық теориясы пайда болған.
Инфекциялы емес иммунология дамуының келесі кезеңі К.Ландштейнер
есімімен
байланысты.
1900
жылы
К.Ландштейнер
антигендердің
модификациясы мәселесімен шұғылданып, 0, А, В, АВ қан топтарын
зерттеп, адамның эритроциттерінің топтық изоантигендерін ашты. Бұдан
кейін иммуногенетиканы зерттеу бағдарламасы туды, яғни тіндердің
гистосәйкестігі мен трансплантациялық иммунитеттің көптеген мәселелері
шешілді. Бұдан бірнеше жыл өткеннен кейін К.Ландштейнер жаңалығы
клиникада қолдана бастады. Оның зерттеу тәжірибесін ескере отырып,
дәрігерлер кез-келген қанды құймай, тек науқастың қанның эритроциттері
жабысып қалмайтындай қанды құйған.