Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет33/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   316
43
 


Цилиндрлі тесіктерді бұрғылаумен өңдеу. Дайындаманың 
тұтас материалында цилиндрлі тесікті алудың кең тараған әдісі 
бұрғылау болып табылады. Кесуші құрал бұрғы болып табылады. 
Дайындамаға қатысты бұрғының қозғалысын қозғалмай тұрған 
дайындама бұрғыны айналдыру немесе қозғалмай тұрған бұрғыға 
дайындаманы айналдыру арқылы қамтамасыз етеді.
Бөлшекке арналған құрылғыны пайдаланбай бұрғылаудың 
бастапқы моментінде бұрғының жанына қозғалып кетуін азайту 
үшін алдымен, жоғарғы жағында аз бұрышпен ұшталған қатты 
қысқа бұрғымен бұрғылайды, немесе болашақ тесіктің ортасына 
накерлейді. 
Бұрғылау білдектерінде бұрғылауды негізінен бөлшекке 
арналған, кондуктор деп аталатын құрылғыны пайдала отырып 
жүргізеді. Кондукторда, дайындаманың басқа беттеріне қатысты 
тесіктің орнының дәлдігін қамтамасыз ететін, дайындаманың дәл 
жеріне бұрғыны бағыттайтын 
кезеулеткiш төлке
болады. Жонғыш 
тобының білдектерінде бұрғылауды, жонғыш білдектің артқы 
бөлігінде бекітілген бұрғыны қолмен беру арқылы жүргізеді.
Бұрғылаудан кейін алынған тесіктің диаметрінің дәлдігі 
негізінен бұрғының диаметрінің дәлдігіне байланысты. 
Алынған 
тесіктің осінің орнының дайындаманың негізгі бетіне қатысты 
дәлдігі негізінен құрылғыға дайындаманы негіздеу дәлдігіне, соның 
ішінде кондуктордың дәлдігіне байланысты. 3-қосымшада 
бұрғылаудан 
алынатын 
тесіктердің 
дәлдік 
параметрлері 
көрсетілген.
Бұрғылау білдектерінде орындалатын негізгі өңдеу түрлері 1.29- 
суретте көрсетілген. 
__________________________________________________________ 
1.29-сурет. Бұрғылау білдектерінде орындалатын өңдеудің негізгі 
түрлерінің схемасы (а-е)
44
 


Тесіктерді бұрғылау бұрғының айналымы мен оның оське 
берілісі кезінде жүзеге асады (1.29, а сурет). Құрал қызметін кәдімгі 
шиыршықты бұрғы немесе басқа конструкциялы бұрғы атқарады. 
Бұрғылау білдегінде көбінесе 
бұрғылап кеңейтуді орындайды
яғни бұрын бұрғыланған тесікті диаметрі үлкен бұрғымен қайтадан 
өңдейді. Бұл жағдайда, үлкен диаметрлі тесіктерді бұрғылау кезінде 
центрлер арасындағы ара қашықтық сақталады, себебі үлкен 
диаметрлі бір бұрғы бұрғылау осінен көп ауытқу беруі мүмкін. 
Кәдімгі бұрғылау кезінде тесіктің 8-11 квалитеті бойынша дәлдігіне 
жеткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет