Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет36/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   316
46
 


Өңделетін дайындама айналып тұрған кезінде терең тесіктерді 
айналып тұрған немесе айналып тұрмаған бұрғымен бұрғылауға 
болады. Құралдың айналуы бұл жағдайда кесу жылдамдығын өсіру 
құралы ретінде пайдаланылады.
Дайындаманың айналуы кезінде тесіктерді бұрғылау әдісін жону 
білдектерінде және терең бұрғылау білдектерінде де (зеңбірек 
оқпанында, білдектердің айналдырығыларында, бос біліктерде 
тесіктер бұрғылау) қолданылады.
Терең бұрғылауға арналған арнайы бұрғылар конструкциялар 
тесіктің бұрғыланған бөлігінің бетімен бұрғының кесуші бөлігінің 
остік қозғалысының мұқият бағытталуын құруды көздейді. Мұндай 
бұрғыларды бір немесе бірнеше кесуші жиектермен дайындайды. 
Мұндай бұрғының қарапайым түрі зеңбірек бұрғы (1.30, а сурет). 
Бұл бұрғының тек бір ғана кесуші жиегі және ұзын бағыттаушы 
бөлігі бар. Бағытталатын бөліктің және тесіктің бұрғыланған 
бөлігінің бетімен шектесуі 180° аз көп доғамен жүргізіледі. Тесіктің 
бетімен түйісетін бұрғының жұмысшы бөлігінің бағыттайтын бетін, 
бұрғы тесікке тіреліп қалмау үшін кесетін жиегінен бұрғының 
өзегіне еңкейтіп бағыттап орындайды. 
__________________________________________________________ 

а
 
1.30-сурет. 
Терең бұрғылауға 
арналған 
арнайы 
бұрғылар 
конструкциялары 
(а-в)
47
 


Бұрғыны дұрыс бағыттау үшін бұрғылаудың бастапқы сәтінде 
бұрғының жұмысшы бөлігінің диаметрі бойынша бұрғылаудың 
диаметрінің жартысынан көп тереңдігіне алдын ала ұштау қажет. 
Зеңбіректі және соған ұқсайтын бұрғыларды тұтас металладрда 
бұрғылауға және алдын ала аз диаметрлі бұрғылармен бұрғыланған 
тесіктерді одан әрі үлкейту үшін қолдануға болады.
Терең бұрғылау үшін ең жақсы түрлі бұрғы қарулы бұрғы болып 
табылады (1.30, б сурет). Мұндай бұрғының бағытталған бөлігі 
кесуші бөліктің дұрыс бағытталуын қамтамасыз етеді, себебі 
тесіктің шамамен 250...260° градусты шеңберлі доғасын қамтиды. 
Мұндай бұрғылардың, зеңбірекілі сияқты жұмысшы бөлігін кесуші 
жиегінен өзегіне дейін конустықпен дайындайды. Бұрғының 
үйкелуін азайтып, салқындауын жақсарту үшін, оның бағыттайтын 
бөлігімен қасқалшаларын алады. Қарулы бұрғылардың кесуші 
жиегін көбінесе жаңқаларды жақсырақ үгу үшін кесілген сызық 
түрінде дайындайды. 
Арнайы бұрғылардың көптеген конструкцияларында терең 
бұрғылау үшін өзек пен тесіктің бетінің арасындағы тесікке және 
қатты қысыммен бұрғының кесуші жиегіне түседі. Одан соң, 
сұйықтық үгілген жоңқаларды қамтып алып, бастиектің жазық 
орталық бөлігі мен бұрғының өзегімен тесіктен төгіледі.
Қарулы бұрғылар тек бұрғыланған тесікпен емес, тұтас металлда 
да жұмыс істей алады.
Арнайы бұрғылармен жұмыс кезінде, өңделетін материалдың 
тесігінің диаметріне, қажеті бұдырлығына және өңделетін беттің 
дәлдігіне байланысты 
0,02...0,05 мм/айн. берілісті пайдаланады.
Үлкен диаметрлі тесіктерді терең бұрғылау үшін ең тиімді 
бұрғының түрі бос денелі бұрғы болып табылады. Мұндай бұрғыны 
пайдалану кезінде жойылатын металлдың сақиналы бөлігі ғана 
жаңқаға айналады да, ішкі бөлігі тұтас болып қалады және 
бұрғылау аяқталғаннан кейін оны цилиндлі өзек ретінде жояды.
Арнайы бұрғылардың бұл түрі (1.30, в сурет) тұтас металлда 
сақиналы пазды кесу үшін салынбалы пышақтары бар бастиектен 
тұрады, ол кескішпен көмегімен бұрғымен бастиегімен қосылған. 
Мұндай арнайы бұрғылар үлкен бос денелі біліктерді, ұзын 
білдектердің айналдырғыларын және т.б. терең бұрғылау үшін 
пайдаланады. 
Үңгілеу мен күшейтуге амалдау әдіптері 5 және 6-
қосымшаларда көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет