Жұқалай
Жұқалай күшейту кезінде өңдеу дәлдігіне
әсер ететін негізгі
факторлар құралдың кесуші жиегінің мұқият жеткізілуі және
нәтижесінде жоғары қаттылықтағы оның аз тозуы, кесудің аз үлесті
қысымы, кесудің жоғары жылдамдықтары. Өңдеудің бұл түрінде
күшейтуге берілетін әдіп пен осыған дейінгі амалдың дәлдігіне
үлкен мән беріледі. Үлкен әдіп пен оған дейінгі амалдың дәлсіздігі
кесуші құралдың жұмыс істеу жағдайларын кемітеді.
Жұқалай күшейту үшін
арнайы құрылған білдектерді
пайдаланады. Бұл білдектерде дайындаманы қозғалыссыз орнатады,
ал айналуды кесуші құрал алады, нәтижесінде өңдеу дәлдігіне
өңделетін дайындаманың дисбалансы жойылады. Корпусты
бөлшектерді жұқалай күшейту үшін көлденең күшейтетін
білдектер, ал металы көп корпусты бөлшектерді жұқалай күшейту
үшін - тік күшейтпелі білдектер көп қолданылады.
Жұқалай күшейту арқылы өңдеу дәлдігінің 6-шы, 7-ші квалитет
шегінде
өңдеу дәлдігін және Ra 1.25.0..32 мкм дейін беттің
бұдырлығын және дұрыс геометриялық пішіннен (сопақтығы,
конустығы, бедерлеу) ауытқуын 0,003...0,005 мм аспайтындай
қамтамасыз етеді.
Жұқалай күшейтудің ұсынылған
режимдері мен өңдеуге
әдіптері 2 және 7-қосымшаларда көрсетілген.
Хонингілеу - тесіктерді әрлеп өңдеудің негізгі түрлерінің бірі,
ол кезде қажақты шарықтардың өңделетін бетке азғантай күшпен
қысылады. Өңдейтін құрал ашушы бастиек (хон) болып табылады,
ол
5 планкада сәйкесінше бекітілген және бастиектің сәйкесінше
пазаларына кіріп тұрған
6 радиалды өзектермен екі-екіден қосылған
3
алты қажақты шарықтар құрастырушысының бойымен
орналастырылған
4 цилиндр түрінде (1.39-сурет) көрсетіледі.
Бастиектің
ішінде екі жақты конустық 1 өзек жөнделген, оның
көмегімен радиалды өзектер қажақты шарықтармен бірге ашылып,
диаметрлі өлшемді реттейді
және қажақты шарықтардың
шашылуын өтейді. Қажақты шарықтар бір бірімен
7 серіппелермен
екі екіден қосылған. Жеткізуші бастиекті хонингілеу білдегінің
айналдырғысымен топсамен қосады.
Білдектің айналдырғысы жеткізуші бастиекке бір уақытта
өңделетін 2 дайындаманың тесігіне айналушы (болаттың
өңдеу
кезінде 20...50 м/мин және шойынды өңдеу кезінде 65...80 м/мин)
және қайтпалы - жеткізілмелі (10...20 м/мин) қозғалыстарды
хабарлайды. Бұл кезде хон қажақты шарықтармен дайындаманың
тесігінің өңделетін бетін тегістейді
және оны қажет өлшемі мен
бұдырлығына жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: