Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет64/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   316
84
 


Созу кезінде өңделетін беттің дәлдігі мен бұдырлығы негізінен 
кесу процесіне 
серпімді өзгерудің 
өте аз әсер етуімен, жоңқаның аз 
қалыңдығы және кесудің төмен жылдамдықтарымен түсіндіріледі. 
Өңдеудің бұл түрін таңдаған кезде созу жұмыстарының өздік құны 
көп деңгейде созбаларды дайындау мен қайрауға, созу құрылғысын 
алуға шығындардың өлшеміне сәйкес келетінін ескеру қажет. 
Созу бір біріне жанасқан бірнеше жазық беттердің сәйкестенуін 
алу үшін кеңінен пайдаланылады. Мұндай созудың сипаттық 
мысалы дайындамада 1 шпондық оймаларды М алу (1.57-сурет) 
болып табылады. Дайындама 1 өзінің тесігімен адаптерге 2 киіледі. 
Созба ойманың 3 бойымен кесу жылдамдығымен v
кес. 
жылжиды. 
Созбаның К әрбір тісі металдың жұқа қабатын алады. Адаптер 
дайындамадан төрткілдеш созбаны 3 қысуына қарсы болады.
Жазық беттерді өңдеу үшін созбаларды тұтастай 500 мм-ге дейін 
ұзындықта дайындайды, ал үлкен ұзындықта (2000 мм дейін) 
оларды құрамдас түрінде орындайды. Бұл жағдайларда созбаның 
құрамдас бөліктерін өзара қосады және созу білдектің ұзын қатты 
үстеліне бекітеді.
Әрлеу үшін қажақтарды пайдалану арқылы өңдеуді - жетілдіру, 
сылау және әрлеу қажақтарын пайдаланады. Сонымен қатар, 
беттерді толық өңдеу үшін қыруды пайдаланады. Жазық беттерді 
қажақтарды пайдалана отырып өңдеу, айналу денелерінің сыртқы
беттерін өңдеуге сәйкес жүргізеді. 
А
1.57-сурет. Үш жазықтықтың үйлесімін алу үшін созу (шпондық 
ойма)
А
 
v
T
 
85
 


Сылау, беттің өте дәл алдын ала өңделуін қажет етеді, өйткені 
сылауға көп әдіп қалдырылса, өңдеу уақыты созылады және 
сылағыш тез тозады. Жазық беттерді сылау үшін қалдырылатын 
әдіп 8... 18 мкм шегінде болған жөн. 
Қыруды қырғыштың көмегімен қолмен немесе механикалық 
әдіспен орындауға болады. Бірінші әдіс орындаушының жоғары 
кәсіптілігі бола тұра, көп шығынды қажет етеді, бірақ жоғары 
дәлдікті қамтамасыз етеді. Екінші әдіс, қырғыш қайтымды ілгерілме
қозғалыс алатын, арнайы білдектер арқылы іске асырылады. Бұл 
әдісте аз уақыт жұмсалады, бірақ күрделі беттерді өңдеу үшін 
қолдануға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет