Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет65/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   316
Сүргілеу және қашау көбінесе сериялы, аз сериялы және 
бірлікті өндірісте пайдаланылады, өйткені сүргілейтін және 
қашайтын білдектерде жұмыс істеу үшін күрделі құрылғылар мен 
құралдар қажет емес. Бірақ өңдеудің бұл түрлері өнімсіз. Бір немесе 
бірнеше кескіш санымен кері бос жүрістерге уақыт босқа жоғалып 
өңделгендігінен, өнімділік төмен болады.
Сүргілейтін және қашағыш білдектерде өңдеуді жонғыш 
білдектерге ұқсас, сүргілеу білдегінде кескіштермен жүргізеді. 
Бірақ, жонғышпен өңдеуге қарағанда, сүргілеуді үзік-үзік 
жоңқаларды ала отырып, дайындаманың немесе кескіштің 
ілгерілмелі түзу сызықты қозғалысында орындайды. 
Әмбебап сүргілеу білдектері бойлап және көлденең сүргілеу 
болып бөлінеді. Бойлап сүргілеу білдектерінде басты жұмыс 
қозғалысы 
дайындамаға 
хабарланады, 
көлденең 
сүргілеу 
білдектерінде - кескішке. Арнайы сүргілеу білдектері - жиекті 
сүргілеу, көшіргіш сүргілеу және басқа білдектер болады. Бойлап 
сүргілеу білдектері бір, екі бағанды және порталды болып бөлінеді. 
Бойлап сүргілеу білдектері үстелдерінің ұзындықтары олардың 
қызметіне байланысты 12...15 м жетеді. Үстел төрткілдеш 
берілістердің немесе гидравликалық құрылғылар арқылы қозғала 
алады. Соңғы жағдайда, механикалық жетекке қарағанда, үстелдің 
жоғары жылдамдық жүрісіне және баяу керіқимылдауға жеткізуге 
болады.
Бойлап және көлденең сүргілеу білдектерінде кескішті ұстағыш 
кескішпен бірге кері жүріс кезінде тік жазықтықта айнала алады. 
Кескішті суппорттың биіктігі бойынша орнату үшін кескіш 
ұстағыш тік бағытта жылжи алады. Көлбеу беттерін өңдеу үшін 
суппорт қажетті бұрышқа бұрылуы мүмкін. 
86
 


Сырғақтың қозғалысы сужүйеден немесе жықпыл механизммен 
іске асырылады. Сырғақтың і
лгерілеме қозғалысының жылдамдығы 
жүрістің ұзындығы бойынша айнымалы көлемі болып табылады, 
және де өнімділікті арттыру үшін кері жүрістің жылдамдығы 
жұмысшы жүрістің жылдамдығынан 1,5-2 есе жоғары.
Қашағыш білдектерде қашау кезінде кескіш тік бағыттағы
қайтымды ілгерілмелі қозғалыс жасайды, ал беріліс қозғалысы 
дайындамамен іске асады, ол бойлап және көлденең бағытта 
жылжиды, сонымен қатар тік ось айналасында айналу қозғалыс 
жасауы мүмкін. Қашайтын білдектерді көбінесе, бірнеше 
жазықтықтардың үйлесімі болып табылатын шпондық ойымды, 
жырашықты, пішінді тесіктерді қашау үшін пайдаланады.
Сүргілейтін және қашайтын білдектерде орындалатын жұмысқа 
тән түрлері 1.58-суретте көрсетілген. 
Бұл өңдеу түрлерінде кесу жылдамдықтары үлкен емес. 
Мысалы, қаралтым жүріске шойын дайындамаларды сүргілеу 
кезінде 
15...20 м/мин жылдамдықта кесу қажет, таза үшін - 4...12 
м/мин жылдамдығымен, тиісінше 0,5...0,8 және 0,08 мм тереңдікпен 
кесу
ұсынылады. Мұндай сүргілеуде беттің бұдырлығы 
Ra 1,25 мкм 
жетеді. 
__________________________________________________________ 
1.58-сурет. Сүргілейтін және қашайтын білдектерде орындалатын 
жұмыс түрлері:
а - жазықтықты сүргілеу; б - ойымды сүргілеу; в - Т-түрлі ойымды 
сүргілеу; г - бұрыштық пішінді қашау; д - төртбұрышты тесікті қашау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет