Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша


Қашаумен басқа білдектерде амалды орындау мүмкін емес  немесе қиындық тудыратын болса, ішкі контурлы беттерді өңдейді.  88



Pdf көрінісі
бет67/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   316
Қашаумен басқа білдектерде амалды орындау мүмкін емес 
немесе қиындық тудыратын болса, ішкі контурлы беттерді өңдейді. 
88
 


КҮРДЕЛІ БЕТТЕРДІ ӨҢДЕУ 
_________________________________________________ 
Күрделі беттердің түрлері және олардың жіктеуі. Қазіргі 
заманғы турбиналарда, автокөліктерде, металл кесуші білдектерде, 
ұшақтарда, механизмдерде күрделі пішінді бөлшектерді қолданады. 
Күрделі пішінді беттерді пайдалану, энергетикалық және күшті 
құрылғылардың (мысалы, су және пар турбиналарының 
қалақтарының пішіндері, ескіш винттер және с.с.) пайдалы 
қозғалысының коэффициентін (ПҚК) көтеру қажеттілігімен және 
машина мен механизмде берілген қозғалысты іске асыру 
(қозғалтқыштың 
таратушы 
біліктерінде, 
білдектердің 
кинематикалық шынжырында жұдырықшаларды пайдалану) 
қажеттілігімен бөлшекпен, жинақ бірлігімен немесе машинамен 
(мысалы, турбинаның жұмысшы дөңгелегінің қимасына тең 
қарсылық беру) орындалатын, жұмысшы үдерістің тағайындалуы 
мен талаптарымен түсіндіріледі. 
1.59-суретте күрделі беттері бар бөлшектердің тән түрлері 
көрсетілген. 
Техникада бөлшектерді әртүрлі беттермен жасайды, дегенмен, 
ең көп тарағаны үш түрі: 
■ 
алгебралық деп аталатын, нақты пішінді және кеңістіктегі 
нақты 
орналасқан 
математикалық 
теңдеулерге 
негізделген беттер; 
■ 
сандық белгілері бар беттер деп аталатын, беттерінің 
пішіні бөлек нүктелермен анықталған, ал сол нүктелердің 
координаттары, әдетте кестеге салынған сандық белгі 
ретінде берілген беттер; 
■ 
конструктивті деп аталатын, формалары конструктивті 
қажеттілікпен анықталатын беттер.
Күрделі беттерді өңдеу әдістері. Күрделі беттерді әртүрлі 
әдістермен 
өңдеуге 
болады: 
көшіргіштермен, 
икемделген 
кинематикалық тізбектерді, құрастырғыш деп аталатынды 
пайдаланып, сонымен қатар, әртүрлі өңдеу әдістерін үйлестіре 
отырып. 
Көшіргіштер көшіргіш құралының жетекші бөлшегі болып 
табылады, оның кескіні кесетін құралдың қозғалысының 
траекториясын анықтайды, ол өңделетін беттің үлгілеміне сәйкес 
болу керек.
1.5.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет