Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет68/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   316
Байланысты:
mm

 
89
 


1.59-сурет. Күрделі беттері бар бөлшектердің тән түрлері: 
а - ескіш винт; б - қалақты аспап; в - сорғының дөңгелегі; г - ауыспалы 
жүрісті винт; д - су турбинасының дөңгелегі; е - дискілі жұдырықша;
ж - цилиндрлі жұдырықша; з - жұдырықшалардың блогы. 
__________________________________________________________

Көшіру үдерісін басқару жүйесін тікелей және тікелей емес 
әрекетке бөлінеді. Тікелей әрекет ету кезінде көшіргіш 
аунақшаның (саусақтың) және көшіргіштің контактын жүктің 
салмағымен, гидравликалық қысымның күшімен немесе серіппені 
қысу күшімен қамтамасыз етіледі. Тікелей емес әрекетті жүйесі 
кезінде көшіру аунақшасы көшіргішпен, жүздеген немесе ондаған 
граммен есептелетін азғантай күшпен жанасады. Бұл жүйеде көшіру 
аунақшасы аралық жылжымалы элементі болып табылады, оның 
азғантай жылжулары милиметрдің жүздік немесе ондық 
үлестерімен өлшенеді, команда түрінде арнайы күшейткіш 
құрылғыларға беріледі, олар атқарушы механизмдерге әсер етеді, 
кесетін құралды жылжытады және дайындаманы өңдейді.
1.60, а суретте механикалық басқарылатын тікелей әсер етіп 
басқарылатын жүйесі бар көшіріп өңдеу схемасы келтірілген. Үстел 
9 редуктордан 7 қозғалғыш бұрандадан 8 жылжиды. Үстелде 9 
көшіргіш 1 және дайындама 10 орналастырылған. Үстел қозғалған 
кезде саусақ 2 қысқышпен 3 бірге көшіргіштің 1 әсерімен 4 
серіппені қысады және 5 бағанаға қарай тік бағытта жылжиды. 
Саусақтың 2 түрі мен өлшемдері бар фреза 6 жылжып келе 
90
 


жатырғанда қысқышпен бірге, көшіргіштің түрін бере отырып
дайындаманы өңдейді. Күші фрезада кесу күшінің тік қосындысына 
қарағанда көп серіппенің 4 жұмысы саусақ пен көшіргіштің 
арасында тұрақты контакт қамтамасыз етеді. 
1.60, 
б суретте гидравликалық, пневматикалық немесе 
электронды басқарумен тікелей емес әсер етіп басқарылатын жүйесі 
бар көшіріп өңдеу схемасы көрсетілген. Үстел 12 көшіргіш 14 пен
дайындамамен 13 бәсеңдеткіштен 10 қозғалғыш бұранданың 11 
ортасымен жылжиды. Бұл жерде саусақ 1 көшіргіштің 14 әсерімен, 
қысқышпен 5 қосылып, корпуста 2 жылжиды. Серіппе 3 саусақ пен 
көшіргіштің арасында тұрақты контакт қамтамасыз етеді. 
Саусақтың шамалы жылжуын қарапайым басқару командасы 
ретінде, гидравликалық, пневматикалық, электронды немесе басқа 
құрылғыларды пайдалан отырып, өсіруге болады. Мұндай өсіру
аппаратта 4 жүреді, ол содан кейін команданы қозғалтқышқа 6 
хабарлайды, соңғы бәсеңдеткіш және қозғалғыш бұранда 7 арқылы
қысқышты 5 бағана 8 бойымен жылжытады. Сәйкесінше фреза 9 
дайындаманы көшіргіштің үлгілемімен өңдейді.
Тікелей әрекет ету жүйесін көбінесе механикалық немесе 
қолмен басқарылатын көшіргіш білдектерінде пайдаланады, ал 
тікелей емес әрекетті жүйені гидравликалық, пневматикалық немесе 
электронды басқарылатын көшіргіш білдектерінде пайдаланады. 
__________________________________________________________ 
1.60-сурет. Тікелей (а) және тікелей емес (б) әсер етіп 
басқарылатын жүйесі бар көшіріп өңдеу схемалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет