МемСТ-пен
белгілеген нақтылық деңгейлері, техникалық
талаптардың даралығын және нақтылықтың аралас деңгейін
заңдастыра
отырып,
бір
бағыттағы
жоғары
техникалық
көрсеткіштерге де, басқадағы төменге де рұқсат бере отырып, осы
талаптарды ескереді.
Тісті дөңгелектерді әртүрлі тіс өңдеуші білдектерде өңдейді.
Дөңгелектердегі тістерді екі тәсілмен: көшіру арқылы (1,66
а, б
сур.) және жүргізу (айналдыру) арқылы (1.66
в, г сур.) кеседі.
Көшіру барысында кесетін аспаптың тістер арасында ойығы
болатындай етіп жасайды, содан кейін аспап бейіні өңделетін жерге
көшірілетіндей етіп өңдейді.
Тісті кесуді көшіру арқылы келесідей орындауға болады:
■
д
өңгелектің әрбір тісін
әмбебап жонғыш білдегіндегі
модульді дискілі немесе саусақты жонғышпен дәйекті
кеседі;
■
д
өңгелектің барлық тісттерін бір уақытта қашайды;
■
д
өңгелектік барлық тістерін бір уақытта тарту арқылы;
■
шеңберлетіп тарту арқылы.
1.66-сурет. Тісті дөңгелектердің тістерін көшіру (
а, б) және жүргізу
(
в, г) арқылы кесу
101
Көшіру тәсілін ең бастысы нақтылығы онша жоғары емес тісті
дөңгелектер жасау барысында қолданады.
Тісті дөңгелектерді
жасаудың заманауи, нақты және өнімді
тәсілі тістерді
бұрамдық жонғышпен, дөңгелек қашауышпен,
төрткілдешлық қашағышпен (тарақпен), тіс сүргеу кескішпен
жүргізу, тістерді айырмен бүрлемдеу арқылы кесу болып табылады.
Жүргізу
тәсілі дегеніміз, тісті дөңгелекте тістер кескіш аспап
пен дайындама бірлесіп, келісімді айналған (жүрген) кезде пайда
болуы. Мысалы, тісті жонғыш арқылы кесу барысында,
осьтік
қимасындағы түрі трапеция тәрізді бұрамдық жомғыш тістерінің тік
түзу кескіш бүйіржақ шеттері кесетін тіске кезекпен тиіп отырады.
1.66
г суретіндегі жонғыш тістерінің (1-6) дәйекті қалыбын
қарай отырып, біз ойық бейіні біртіндеп пайда болатынын және
жонғыш тістері құраған көптеген тік түзу учаскелерден тұратынын
көреміз. Осы тік түзу учаскелер келесісінің үстіне салынып, іс
жүзінде тістің сынған емес, қисық жолақты (эвольвентті) бейінін
құрайды.
Нақтылық деңгейлері 3-8 тісті дөңгелектерді жүргізу
тәсілімен
кеседі, содан кейін нақтылық деңгейі 3-5 «шикі» дөңгелектерді
мұқият тісқыру, жылтылдату арқылы өңдейді, және үйкеліс
білдектерінде өңдеп, бетін майыстырмайтын жиілігі жоғары токпен
(ЖЖТ) шыңдайды. 6-8 нақтылық деңгейімен жасалған тісті
дөңгелектерді әдетте түрін әжептәуір өзгертіп жіберетін
шынықтыру пештерінде шыңдайді. Содан
кейін нақтылық деңгейі
6, 7 дөңгелектердің түрін сақтау үшін, тіс қуысындағы тесікке
негізделе отырып, тістердің шеткі бейіндерін жылтылдатады. 8-10
нақтылық деңгейімен жасалған тісті дөңгелектерді аз сериялық
өнідірісте жонғыш білдектерде бөлетін басшамен кеседі, және 8
нақтылық деңгейімен жаалған дөңгелектер үшін жонғышты
дөңгелек тістерінің түрі бойынша мұқият бейіндейді.
10-11 нақтылық деңгейімен жасалған
тісті дөңгелектерді нақты
құю арқылы және соңынан тістерді қалып бойынша өңдеу арқылы
алуға болады.
Цилиндрлі дөңгелектер мен төрткілдештердің жонғыш тістерін
дискілік және саусақты модульді жонғыштар арқылы жону
дегеніміз, фасонды жонудың бір түрі болып табылады. Дискілі және
саусақты жонғыш тістердің кескіш шеттерін дөңгелек тістері
арасындағы ойық түрі бойынша жасайды (1.66 а, б сур. қараңыз).
Жұмыс үрдісінде жонғыш, екі көршілес
тістер бейіндерінің екі
жартысын құрай отырып, өз бейінін тістердің ойықтарына
ауыстырады (көшіреді). Бір ойықты кескеннен кейін, дайындама
бөлгіш механизм көмегімен
бір тіске қарай бұрылады, ал жонғыш
қайтадан кіріп, тістер арасындағы жаңа ойық бойымен өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: