Өлшемдік тізбектердің есебін, компенсатордың
өлшемін іріктеу
жолымен құрастыру дәлдігін қамтамасыз ету кезінде пайдаланады.
Құрастырудың бұл тәсілінде өлшемдік тізбектердің бөлшектерін
кең экономикалық шақтамамен орындайды.
Белгіленген дәлдікті
қамтамасыз ету үшін берілген құрастыру бірлігіне қосымша бөлшек
3 – компенсатор енгізілген.
3.5.
МАШИНАНЫ ҚҰРАСТЫРУДЫҢ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСІН
ӘЗІРЛЕУ
Құрастыруды жалпы және түйінді деп бөледі.
Жалпы құрастыру
кезінде бұйымды жинайды, ал түйінді құрастыру кезінде құрамдас
бөліктерді жинайды. Бұйымды құрастыру басталатын элемент
немесе оның құрамдас бөліктерін базалық деп атайды.
Мысалы
білдектің базалық элементі тұғыр. Жалпы және түйіндік құрастыру
үдерістерінің құрылымын, бұйымдар
мен олардың құрылымдық
бөліктерінің
құрылымы
мен
қосылу
ретін
анықтайтын
құрастырудың технологиялық сызбалары көмегімен көрсетеді.
Жеке-дара, ұсақ сериялы және сериялы өндірісте түйінді және
жалпы құрастыруды құрастыру цехы немесе механикалық
құрастыру құрастыру учаскелерінде орындайды.
Ірі сериялы және жаппай өндіру өндірісінде түйінді
құрастыруды
құрастыру цехынде орындайды.
Құрастырудың технологиялық үдерісін бастапқы деректердің
негізінде жобалайды:
▪
Құрастыру сызбалары;
▪
Құрастыру бірліктері мен бұйымдарының жалпы түрлерінің
сызбалары;
▪
бұйымдардың
қызметтік
мақсаты
мен
техникалық
шарттарын
қабылдау және сынау;
▪
өзгермейтін
сызбалар
бойынша
уақыт
бірлігінде
бұйымдарды шығарудың өндірістік бағдарламасы;
▪
құрастыру жүргізілетін шарттар.
Құрастыруға жататын бұйымдарды саны,
сонымен қатар
қамтамасыз етілуі керек дәлдік, технологиялық үдерісті әзірлеу мен
түйіндер мен бұйымды толықтай құрастырудың қабылданған
әдістеріне елеулі әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: