Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет18/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   316
24
 


Бакелитті (органикалық) біріктірме - синтетикалық шайыр. 
Бакелитті біріктірмедегі шарықтастар мықты және иілгіш, бірақ 
майлап суыту сұйықтығының (МСС) әсерін шамалы көтереді. 
Органикалық біріктірменің екінші түрі - вулканитті 
біріктірме, ол каучук пен күкірттен тұрады. Вулканитті 
біріктірмегі шарықтастар мықты және суға берік, жоғары 
жылдамдықты айналымда жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бірақ 
салыстырмалы шапшаң майланып қалады.  
Силикатты біріктірме салқындатусыз жұмыс істейтін, 
шарықтастар үшін арналған, яғни өңделетін бет қызбау керек. Бұл 
шарықтастар суға және сілтіге берік.  
Глифталды біріктірме шыңдалған болаттан жасалған 
бөлшектерді жіңішкелеп және әрлеп ажарлау кезінде талшықты 
иілгіш шарықтастар үшін пайдаланылады.
Металлды біріктірме вольфрамкобальтты, темірникельді, мыс-
қалайылы болады және алмаз жасалған шарықтастар үшін 
пайдаланылады. Шарықтастар тозыққа берік және жоғары өнімді 
болады және жоғары температурада жұмыс істеуге мүмкіндік 
береді.
Ажарлағыш шарықтастың кесуші қасиеттерін анықтайтын 
маңызды параметр түйіршіктілік (нөмірмен белгіленеді) болып 
табылады, яғни шарықтасты құрайтын қажақты материалдардың 
түйіршіктерінің көлемі (басқаша айтқанда, түйіршіктің ірілігі).
Ажарлағыш шарықтастың қаттылығы біріктірмедегі түйіршікті 
жұлып алу үшін, оған түсірілетін күшпен сипатталады. Күш көп 
болған сайын шарықтас қатты болады. Өте жұмсақ шарықтастар тез 
тозады, егер шарықтас тым қатты болса, алынатын жоңқамен 
бітеліп қалады да нәтижесінде өңделетін бет қатты қызып кетеді. 
Сондықтан, қатты болаттарды ажарлау үшін жұмсақ шарықтасты 
пайдаланады, себебі мұқалып қалған түйіршіктер біріктірмеден 
жеңіл жұлып алынады да, астындағы өткір ұштары ба түйіршіктерді 
ашады - шарықтас өзі қайралғандай болады; керісінше, жұмсақ 
болатты ажарлау кезінде қатты шарықтастарды пайдаланады, себебі 
олардың беріктігі жоғары. Мыс пен жезді ажарлау үшін жұмсақ ірі 
түйіршікті шарықтасты пайдаланады, өйткені ұсақ түйіршікті 
шарықтастар тез майланып қалады. Р 52587-2006 «Қажақты құрал. 
Қаттылықтың белгілері және өлшеу әдістері» МемСТ бойынша 
ажарлағыш шарықтастардың сегіз класы көзделген және әрбір класс 
қаттылық дәрежесіне қарай бөлінеді (1.1 кесте).
Пішіні бойынша ажарлағыш шарықтастар шарықтасты (1.15, а 
суреті), тостаған конустық шарықтас (1.15, б сурет), тостаған 
цилиндрлі (1.15, в сурет), табақшалы (1.15, г сурет), конустық бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет