Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет249/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   316
Байланысты:
mm

328
 


Технологиялық-аналогтық 
процестер 
негізіндегі 
автоматтандырылған жобалауға кіріскенде алдымен бұйымдар 
номенклатурасын таңдайды, олардың құрылымын, дайындау және 
қолдану талаптарын зерттейді. Содан соң бастапқы мәліметтерді 
кодтау процесіне құрылымдық құжаттамаларды дайындайды, 
бастапқы деректер бланкісін толтырады.
Конструктивті-технологиялық код технологиялық процестерді 
жобалауды автоматтандыру деңгейіне байланысты бастапқы 
деректерді дайындау кезеңінде немесе ЭЕҚ есептерді шешу 
бастапқы кезеңінде қалыптасады.
Технологиялық процестерді іздеу кезеңінің барысында 
өндіріске дайындалатын бұйымның және іздеу жүйесінің 
ауқымында сақталатын бұйым ұсынушының конструктивті-
технологиялық кодының салыстыруын жүргізеді.
Қорытынды 
кезеңдерде 
технологиялық 
бағдар 
мен 
технологиялық операцияларды жоспарлайды, әзірлеу тәртібі мен 
уақыт 
нормаларын 
есептейді, 
технологиялық 
құжаттарды 
рәсімдейді.
Технологиялық процестерді жеке автоматтандырылған жобалау 
технологиялық-аналогтық процестер болмаған жағдайда жүзеге 
асырылады. 
Бірінші кезеңде осы бұйым үшін бар автоматтандырылған 
жобалау жүйесін қолдану мүмкіндігін талдайды, бастапқы 
деректерді кодтауға құрылымдық құжаттамаларды дайындайды, 
сәйкес бланкіні толтырады. Содан соң бұл өндіру үшін 
дайындаманы алудың лайықты әдісін анықтайды, бағдарлы 
технологиялық 
процесті 
жобалайды. 
Құрылымның 
негізгі 
элементтеріне технологиялық базаларды таңдап, әдіптер мен 
өңдеудің технологиялық өлшемдерін анықтайды. Құрылымдық-
технологиялық өңдеу схемаларын ауыстыру деңгейінде жобалау, 
операцияларға өтулерін және негізгі технологиялық жабдықтарды 
таңдауға арналған модельдерді біріктіреді. 
Соңында технологиялық процес операцияларын әзірлейді, 
операция құрылымдары мен өңдеу құралына ауысуды орындау 
бірізділігін анықтайды. Қажет болған жағдайда арнайы құралды 
жобалауға техникалық тапсырма әзірлейді, технологиялық 
жабдықты таңдайды, өңдеу тәртібін есептейді. СББ білдегі үшін УП 
бір мезгілде дайындайды. 
Соңғы 
кезеңдерде 
уақыт, 
мамандық 
нормаларын, 
жұмысшылардың 
біліктілігінің 
анықтайды, 
технологиялық 
процестерді түзейді, технологиялық құжаттамалардың жиынтығын 
дайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет