Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет27/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   316
Сыртқы цилиндрлік беттерді өңдеу. Машинаның сенімділігі 
мен төзімділігі көптеген технологиялық факторлардан, соның 
ішінде, дайын бөлшектердің беттерінің дәлдігі мен бұдырлығына, 
соның 
ішінде, 
дайын 
бөлшектердің 
беттерінің 
қажетті 
параметрлерін қамтамасыз ететін, беттерді өңдеу әдістеріне 
(финишті амалдар) тәуелді екені белгілі. Сыртқы цилиндрлі 
беттерді өңдеудің өңдеу әдістері өңдеудің жоғары дәлдікті әдістері 
болып табылады. Оларға: 
■ 
жұқалай жону
;
■ 
ысқылау
;
■ 
аса ажарлау
;
■ 
тегістеу;
■ 
әрлеу жатады
.
Саналған өңдеу әдістерінің ортағы деп келесіні атауға болады: 
■ 
бұл амалдарда өте аз, соңғы шамаға әдіппен есептелетін 
әдіп шешеді;
■ 
барлық амалдарда (жұқалай жонудан басқа) тек сол 
беттің дәлдігі (өлшемнің дәлдігі) қамтамасыз етіледі. 
Саналған өңдеу әдістерінің айырмашылығы мынада: 
■ 
қажетті жабдықтар
;
■ 
өңдеуге арналған құрал
;
■ 
бетті өңдеуден алынатын нәтиже
.
36
 


Жұқалап жону. Жұқалап жону кезінде алмаз (қатты қорытпалы) 
кескіштермен жай бойлап, жоғары жылдамдықты кесумен және 
азғантай кесу тереңдігімен жүргізеді. Кесу жылдамдығы тек 
кескіштердің беріктігімен, айналдырғының айналу санымен және 
айналдырғының ең жоғары айналу айналымынан пайда болатын 
дірілдеумен 
шектеледі. 
Жұқалап 
жонуды 
түрлі-түсті 
материалдардан 
және 
қоспалардан, 
шойыннан, 
көміртекті 
болаттардан жасалатын бөлшектерді өңдеу үшін пайдаланады.
Тек белгіленген қолданыстағы білдектерді ғана емес, қажетті 
кинематикалық параметрлері мен дәлдігі бар жонғыш білдектерді 
де пайдаланады. Дайындаманы бекіту және орналастыру кәдімгі 
қайраудағыдай, бірақ жоғары дәлдікпен. Алмаз кескішпен жұқалап 
жону келесі дәлдікті алуға мүмкіндік береді: 
■ 
диаметрі бойынша - 5-ші квалитет деңгейінде;
■ 
пішіні бойынша - 0,003...0,005 мм кем емес сопақтығы 
және конустығы;
■ 
бұдырлығы бойынша
Ra 0,25 мкм.
2-қосымшада жұқалап жону режимдері көрсетілген. 
Ысқылау. Ысқылау - бұл дөңгелектігі бойынша жақсы 
көрсеткіштері бар дәл беттерді алу үшін қолданылатын жұқа және 
дәл қажақты өңдеу. Ысқылау амалдарын ысқыштар, қажақты ұнтақ 
және майлау көмегімен орындайды. Үдерістің механикалауына 
байланысты ысқыштар қолды және машиналық болу керек.
Ысқылау үшін жұмсақ материалдар: шойын, түрлі-түсті металл 
және қоспалар, пластмасса, айналы әйнек және басқалардан 
дайындалатын ысқыштарды пайдаланады. 
Негізгі ысқылау материалдарына қарапайым корунд, қалыпты 
және ақ электркорунды, кремний карбиді, хром тотығы, алмаз 
ұнтағы және бор карбиді жатады. Қажақты түйіршіктердің 
шамалары немесе микроұнтақтар металл орымына және ысқылау 
және жетілдіру үдерісіндегі беттің бұдырлығына әсер етеді, 
сондықтан ысқылау материалдарын таңдау берілген талаптарға 
тәуелді.
Ысқылауды келесідей жүргізеді:
■ 
ысқыш беті және өңделетін беттің кейбір қысымына 
қажалу нәтижесінде ысқыш бетіне өңдеу үдерісінде 
енгізілетін бос қажақпен
;
■ 
ысқыш бетіне алдын ала енгізілген қажақпен
;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет