5.15-сурет. СББ білдектерінде кесу режимінің
параметрлерін таңдау
схемасы
СББ білдектерінде кесу режимінің параметрлерін таңдауда
тозығы жеткен құралды автоматты реттегіші бар жаңа құралға тез
ауыстыруға мүмкіндік береді.
СББ білдектерінде өңдеу режимінің параметрлерін таңдау
ерекшеліктері. СББ жонғыш білдектерінде (5.15-сурет) кесу
режимінің параметрлерін таңдау кезінде әдеттегі білдектермен
салыстырғанда балқуы қиын құралдың морт сынуы,
құралдың
экономикалық беріктігі және кесу режимдерінің тұрақтылығы
ескерілу қажет.
Морт сынуды есепке алу. Балқуы қиын құрал тозғандықтан
немесе морт сынудан істен шығады.
Әдетте қолмен басқарылатын
әмбебап жабдықтардың кесу параметрлерін таңдаған кезде морт
сынуды қарастырмайды.
Жұмысшы кесуді үнемі қадағалайды да морт сынудың қалаусыз
салдарының алдын алмай, құрал
боялған кезде кескішті алып
тастайды.
Достарыңызбен бөлісу: