Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет304/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   316
Байланысты:
mm

409
 


нұсқаулықты өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмеуі тиіс. 
Сондықтан кәсіпорынның барлық жұмысшылары өтуі тиіс
нұсқаулықтардың толық кешені бар.
Кәсіпорынға келген әр жаңа жұмысшы үшін кәсіпорындағы 
денсаулыққа зиянды және қауіпті жұмыстармен таныстыру 
мақсатында кіріспе нұсқаулық шаралары жүргізіледі. Нұсқаулықты 
кәсіпорынның қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері өткізеді.
Жұмыс орнындағы нұсқаулық (алғашқы) жұмысқа жаңа келген, 
немесе бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына ауыстырылған әр 
жұмысшымен өткізіледі. Нұсқаулықты нақты жұмыс орнында 
шебер немесе учаске басшысы өткізеді. Аса қауіпті жағдайда 
жұмыс жасау барысында қауіпсіздік нұсқаулығы алғашқы 6-10 
ауысымда күнделікті өткізіледі. 
Жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдері бойынша мерзімді 
қайталау нұсқаулығы аталған мамандық бойынша еңбек өтіліне 
және санатына қарамастан барлық жұмысшылармен тоқсанына бір 
рет өткізіледі. 
Кезектен тыс нұсқаулық келесі жағдайларда өткізіледі:
■ 
технологиялық процесс немесе жабдықтар ауысқан 
жағдайда; 
■ 
қайғылы оқиға кезінде; 
■ 
кәсіби аурулар кезінде; 
■ 
қауіпсіздік техникасы ережелері мен нұсқаулықтары 
өрескел бұзылған жағдайда. 
Әрбір жүргізілген нұсқаулық нұсқаулықты өткізген қызметкер 
мен нұсқаушы тұлғаның тиісті қолхаты бар міндетті құжаттама 
негізінде рәсімделеді. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты 
өтпеген жұмысшылар жұмысқа жіберілмеуі тиіс. 
Қайғылы оқиғалар қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылған 
жұмыс орындарында орын алуы мүмкін. Қайғылы оқиға деп 
жұмысшыларға қауіпті өндірістік фактор әсерінен болатын 
жағдайды айтуға болады.
Жарақат деп кенеттен орын алған жазатайым оқиға салдарынан 
адам ағзасының сыртқы зақымдануы немесе оның дұрыс жұмыс 
істеу функциясының бұзылуын айтады. Өндірістік жарақаттар 
былайша бөлінеді:
■ 
механикалық
– соғылу, жаралану, сүйектердің сынуы, 
тіндердің үзілуі;
■ 
термиялық 
– жылу тию, күю, үсік шалу;
■ 
электрлік 
– электр тоғының соғуынан пайда болған адам 
ағзасының зақымдануы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет