Қоршаған ортаға зиянды ықпалдар әсерінің деңгейін төмендетудің
үш бағыты белгілі:
1. Әрекеттегі өндірісті игерілген технологиясын сақтай отыра,
тазалау құрылғыларымен жабдықтау.
2. Қоршаған ортаға зиянды ықпалды төмендету мақсатында
қолданыстағы технологиялық процестерді жетілдіру.
3. Қоршаған ортаға зиянды ықпал етпейтін жаңа технологиялық
процестерді әзірлеу.
Алайда жұмыс істеп тұрған кәсіпорында қоршаған ортаны
қорғау мәселесін шешудің басты бағыты осы нысандарды
атмосфераға зиянды заттар шығарындыларын азайтатын қосымша
құрылыстар мен құрылғылармен жабдықтау болып табылады.
Онымен қатар, сүзгілеу және басқа тазалау әдістері пайдаланылады.
Сүзгілеу газды немесе сұйықтық өтетін сұйықтықтың немесе газ
сүзгісінің ағымында болатын зиянды компоненттерді жоятын сүзгі
материалы арқылы тазаланады. Сүзгі материалы ретінде
нанотехнология бойынша жасалған түрлі торлар, маталар,
талшықты материалдар, керамика және мембраналар қолданылады.
Тазалаудың механикаландырылған түрінен басқа, химиялық
реакцияларға негізделген, химиялық тәсілдерді және, зиянды
заттардың қышқылдануына негізделген термикалық тәсілдерді
пайдаланады, мысалы жағу, жағып бітіру немесе буландыру.
Достарыңызбен бөлісу: