Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет34/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   316
Байланысты:
mm

Тесіктерді үңгілеу (1.29, б сурет) үңгімен жүргізіледі және 
бұрын бұрғыланған цилиндрлі тесіктің геометриялық формасын 
жақсарту үшін қызмет етеді. Үңгілеу, бұрғылаудан кейін тесіктің 
өңдеудің бір сыныпқа жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді.
Тесіктерді күшейтуді (1.29, в сурет) үңгілеуден кейін, осыған 
дейінгі өңдеудің шала іздерін кетіру үшін орын
дайды. Күшейтуді 
бір немесе бірнеше рет жүргізеді. Бір реттік күшейтуде тесікті 
өңдеудің 7-9 квалитет бойынша дәлдігіне, ал екі-үш рет күшейту 
кезінде 7-ші, 8-ші квалитет бойынша дәлдіктерге жетуге болады. 
Күшейту кезінде тесіктің бетінің бұдырлығын 
Ra 1,25...0,63 мкм
жеткізуге болады. 
Бұранда кесуді (
1.29, г сурет
) тесікті бұрғылаудан кейін, 
кесілетін бұранданың өлшеміне қарай, әртүрлі конструкциялы белгі 
салушылармен жүргізеді. Бұл жерде, бұранданы кескеннен кейін 
дайындамадан белгі салушыны шығару үшін айналдырғының кері 
жүрісі (кері қимылдауы) қажет. Ерекше жағдайлары, түсуші деп 
аталатын белгі салушылар (айналдырғының ұясынан түсіп 
қалатындар) және арнайы сомын белгі салушылар, оларда кесілген 
сомындар белгі салушының сабағының жазық бөлігіне бірітіндеп 
жылжиды.
Үңгіштеуді (
1.29, д сурет
) жүзді шығару үшін тесікті 
бұрғылағаннан кейін, мысалы бұранданың жасырын бастиегін 
жасау үшін қолданады. 
Шенжоңғылау
(1.29, е сурет) дайындаманың дөңесшенің шет 
жағын кесу үшін немесе сатылы тесік алу үшін көзделген. Бұл амал 
арнайы құрал - шенжоңғымен орындалады, оның өңделетін беттің 
диаметрінің көлемімен орналастырылған 1 жылжымалы кескіші 
және сатылы тесіктің беттерінің остестігін қамтамасыз ету үшін 2 
бағыттаушы бөлігі бар.
Бұрғылау білдектерінде, саналған негізгі жұмыстардан бөлек, 
арнайы құралмен, тесікке басқа түрлі өңдеулер орындауға болады, 
мысалы, тесіктердің цилиндрлі және шеткі беттеріне фасонды 
қырнау жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет