Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет39/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   316
50
 


1.33, г суретінде 2 айналдырғы мен 1 планшабаның бірлесіп 
жұмыс ісеуі көрсетілген. Бір уақытта 4 борштангада орнатылған 
кесікшпен тесік күшейтіледі және 3 кескіш ұстағышында бекітілген 
дайындаманың шеткі беті өңделеді. Дайындама 5 үстелмен бірге 
қозғалыссыз қалады. 
Координатты күшейту кезінде күшейтілетін тесіктердің 
осьтерінің орыны екі мөлшермен (координаттармен) беріліп, олар 
базисті бекітуші жазықтықтардан бөлшектерді есептеп тұрады. 
Берілген координаттарға кескіш білдегінің айналдырғысының 
остерін орнату градуирленген сызғыштардың және ілдекте бар 
қосымша көрсеткілердің көмегімен іске асады, немесе сәйкесінше 
координаттардың 
мөлшерлерімен 
реттелетін 
арнайы 
қыстырмалардың көмегімен іске асырылады. Күшейту алдында, 
білдектің үстеліне бөлшектің дұрыс орналасуын айналдырғыда 
бекітілген индикатормен тексереді, содан соң, нөлдік орнындағы 
айналдырғының бекітілуін білдектің айналдырғысының аяғына 
қолмен тексеру арқылы енгізілген ұстауышпен тексереді. Одан соң, 
алдын ала айналдырғының осі мен күшейтілетін тесіктің осін 
сәйкестендіре отырып, күшейтуді бастау керек. Координатты 
күшейту орта арасындағы дәлдікті және остестікті күшейтеді, өңдеп 
жеңілдетеді және өнімділікті көбейтеді. 
__________________________________________________________ 
1.33-сурет. Көлденең кесуші білдегінде негізгі жұмыс түрлерінің 
схемасы (а-г)
51
 


Ажарлау білдектерінде өңдеу. Егер дәл тесікті алу үшін 
күшейту немесе хонингілеуді қолдану әртүрлі жағдайлармен 
мүмкін емес болса, тесіктерді ажарлауды пайдаланады. Тесіктерді 
ішкі ажарлау білдектерінде ажарлайды. А диаметрлі абразивті 
шарықтасы (тесіктің 0,6...0,7 диаметрі) жылдам тозады, сондықтан 
жиі түзеу мен ауыстыруды қажет етеді. Сонымен қатар, ажарлау аз 
жылдамдықты кесумен іске асады, ажарлаушы шарықтастың 
айналасының көп шығып кетуі дірілдеуге алып келіп, салдарынан 
өңдеу дәлдігі азаяды.
1.34, а суретте ішкі ажарлау білдегінде А өтпелі тесігін өңдеу 
схемасы көрсетілген. 1 абразивті шарықтасы ω
бұр. 
бұрыштық 
жылдамдығымен айналады және S
өнім. 
бойлық берілісімен қайтпалы 
үдемелі қозғалыс жасайды, ал дайындама ω
дайын. 
бұрыштық 
жылдамдықпен айналады. Қысқа тесіктері кіресу әдісімен 
ажарлайды, бұл кезде 1 ажарлаушы шарықтасы ω
бұр. 
бұрыштық 
жылдамдығымен айналып қана қоймай (1.34, б суреті), S
көлд. 
көлденең беріліспен айналады. Дайындама 3 құрылғы 2 бекітіліп, 
ω
дайын. 
бұрыштық жылдамдықпен айналады.
5-қосымшада ішкі ажарлауға ұсынылатын жедел әдіптер мен сол 
кездегі өңдеу дәлдігі көрсетілген. 
Ішкі ажарлауды негізінен шыңдалған бөлшектердің тесіктерін 
дәлдеп өңдеу кезінде пайдаланады.
__________________________________________________________ 
1.34-сурет. Тесіктерді ажарлау схемасы:
а - өтпелі; б - бітеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет