Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет40/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   316
52
 


1.35-сурет. 
Айналып тұрған (а) және айналмайтын (б
дайындамаларда тесіктерді ішкі ажарлау схемалары 
__________________________________________________________ 
Ішкі ажарлаудың екі әдісі болады: айналып тұрған дайындамада 
тесікті ажарлау және қозғалмай тұрған дайындамада тесікті 
ажарлау. Бірінші әдісті өлшемдері кішкентай, көп бөлігінде айналу 
денелері болып табылатын дайындамаларда, мысалы, тісті 
дөңгелектердегі, 
бытыра 
және 
роликті 
мойынтіректерді 
дөңгелектердегі тесіктерді ажарлау кезінде қолданады, ал екіншісін 
- білдектің патронында бекітуге ыңғайсыз немесе мүмкін емес 
корпусты бөлшектердің дайындамаларының тесіктерін ажарлау 
кезінде қолданады.
Бірінші жағдайда, өңделетін дайындаманы патронда қысады 
және жонғыш білдектегідей айналу қозғалысына жеткізеді (1,35, а 
сурет). Екінші жағдайда, дайындаманы білдектің үстеліне орнатады, 
ал ажарлау шарықтасының айналдырғысы айналу қозғалысынан 
бөлек орнатады, оның жылдамдығы ажарлау шарықтасының v
дөң
айналмалы жылдамдығына сәйкес және дайындаманы ажарлаудың 
айналу жылдамдығына сәйкес келетін планетарлық жылдамдығы да 
бар (1.35, б сурет). 
Екі жағдайда да, ажарлау шарықтасының S
дөң.
ажарланатын 
тесіктің осінің бойымен бойлап берілуі іске асады: бірінші жағдайда 
- айналдырғының бастиегінің қозғалысымен, екінші жағдайда - 
үстелдің қозғалысымен. 
Айналдырғылы бастиектің кәдімгі конструкциясында, аз 
диаметрлі тесікті ажарлау кезіндегі шарықтастың айналмалы 
жылдамдығы көбінесе 10 м/с-тан аспайды және ажарланатын 
тесіктердң 
диаметрлерінің 
өсуіне 
сәйкес 
бастиектердің 
өлшемдерніңі өсуіне қарай, тесіктердің диаметрлері 30 мм-ден 
асқанда 30 м/с-тен асады. Ажарлау шарықтасының аз қаттылығы 
кесудің тереңдігін (көлденең беріліспен) шектейді, ол бір қосалқы 
жүріске (ажарланатын тесіктің диаметріне байланысты) болат пен 
шойынды алдын ала ажарлау кезінде 0,005...0,02 мм және сандық 
ажарлауда - 0,002...0,01 мм құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет