Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет45/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   316
59
 


1.39. 
Жеткізуші 
бастиектің 
(хонның) конструкциясы 
__________________________________________________________ 
Хонингілеуден кейін тесіктің 
дәлдігі 6-шы, 7-ші квалитетке және 
беттің бұдырлығы Ra 0,63...0,32 мкм 
шегіне сәйкес болады. 
Хонингілеу 
барысында 
оған 
дейінгі 
амалдардан 
тесіктердің 
пішінінің (конус түрлі, сопақ, бөшке 
түрлі және т.б.) кемшіліктері қалған 
болса, дұрыстауға болады.
Хонингілеуге әдіп өлшемі оған 
дейінгі 
амалдарға 
байланысты 
болады және көбінесе 0,01...0,2 мм 
(егер бетті хонингілеуге дайындау 
үшін 
ажарлау 
пайдаланылатын 
болса, әдіп 0,01...0,05 мм құрады) 
құрады. 
Хонингілеудің 
сапасына 
қажақты 
шарықтардың 
және 
өңделетін 
режимдердің 
сипаттамалары әсер етеді. Қажақты 
шарықтарды 8-3 түйіршіктілікті 
электркорундтен 
дайындайды. 
Сонымен 
қатар, 
синтетикалық 
алмаздан брусоктар пайдаланылады. 
Хонингілеу кезінде өңдеудің тиімді режимі келесі: жеткізуші 
бастиектің шеңберлі жылдамдығы 
30...60 м/мин, қайтпалы 
жеткізілмелі қозғалыстың жылдамдығы 10...15 м/мин. 
Тесіктерді хонингілеу кезінде керосин (90%) мен майдың (10%) 
қоспасынан дайындалған АӨС, ал кейбір жағдайларда керосин мен 
осер майынан, стеарин мен басқа материалдардан тұратын арнайы 
қоспаларды пайдаланады. 
Ысқылау - бұл тесіктерді айналып тұрған ысқыштармен өңдеу 
тәсілі. Тесіктерді тек дара және аз сериялы өндірсте, кішкентай дәл 
тесіктерді өңдеу кезінде, хонингілеуді пайдалану қиын кезде 
ысқылайды.
60
 


Ысқылаудың дәлдігі мен өнімділігі қажақтың түйіршіктілігі мен 
түрімен, майлау жағдайлары мен өңдеу режимдерімен анықталады. 
Пішіні бойынша кемшілік 0,001 мм құраса, бұдырлығы 14-ші 
кластан аспайды. Өңдеуге жіберілген әдіп ысқылаудың үдерісінің 
ұзақтығын (0,01 мм көп емес) анықтайды. 
Тегістеу - жоңқасын алмай тесіктің бетіне қысым жасай 
отырып, жақсы өңделген құралмен ішкі беттерді өңдеу үдерісі. 
Бұл 
жерде, тесіктің тек геометриялық параметрлері ғана емес, оның 
сыртқы бетінің көрсеткіштері де өзгереді. Тесіктерді өңдеу үшін 
калибрлеуді (қатаң түзеу) пайдаланады, бұл кездегі құрал кішкене 
шар немесе роликті бастиек болып табылады. 2 дайындаманың А 
тесігі арқылы 1 роликті бастиекті (1.40, а сурет) майлап 
0,05...0,15 
мм
тартумен немесе 3 кішкене шармен (1.40, б сурет) өткізу кезінде 
беттің бұдырлығы азаяды және диаметрі өзгереді. Алынатын 
дәлдігіне байланысы бұл үдеріс тазалап ажарлаумен бірдей. Бұл 
үдерісті көбінесе аз диаметрлі тесіктерді, ажарлау мүмкін емес 
немесе экономикалық тиімсіз жағдайда өңдеу үшін пайдаланады. 
Тегістеудің ерекше түрі алмазды тегістеу болып табылады, бұл 
кезде алмаздың жұмыс бөлігіне 1,5...4 мм радиусты сфералық түрін 
келтіреді. Әртүрлі металлдардағы жылжу үйкелісінің азғантай 
коэффициенті және жоғары беріктілігі жоғары қаттылықты 
(HRC≥60) дайындамаларды құралды 0,04...0,1 мм/айн. бойлап беру 
және өңдеу жылдамдығы 40...50 м/мин кезінде жақсы нәтижелер 
алуға мүмкінік береді. 
__________________________________________________________ 
1.40-сурет. Тесіктерді 
қатаң 
тегістеу 
схемасы 
(калибрлеу):
а - роликті тігумен; б - кішкене 
шармен

б
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет