Трапециалды
бұранданы
қозғалысты көрсететін (жүрісті және
жүкті
бұрандалар)
кескін
қосылыстарында
пайдаланады.
Қозғалысты көрсетуге арналған кескіш қосылыстарында кейде
квадрат профильді тік бұрышты кескішті пайдаланады.
Тіреуші
бұранданы
үлкен бір жақты қысым түсіретін (бұрандалы баспақтар,
арнайы қысқыш бұрандалар және т.б.) кескіш қосылыстарында
пайдаланады.
Сағаттық
бұранданы
1 мм-ден аз диаметрлі кескіш
қосылыстары үшін дәл құрал құрастыруда пайдаланады.
Дөңгелек
бұранда
жоғары динамикалық ауырлықта немесе кескішті
ластайтын жағдайларда пайдаланады.
Конустық
бұрандаларды
құбырлық қосылыстарда, арнайы
тұтастайтын
материалдарсыз
қосылыстың
герметикасын
қамтамасыз ету үшін пайдаланды. Ең көп тараған түрі
құбырлық
конустық
бұранда
болып табылады, оның пішіні құбырлық
цилиндрлі кескіштің дөңгеленген пішініне сәйкес келеді.
Жұмыстың пайдаланылуы мен сипаттамасына қарай кескіш
қосылыстарды
қозғалмайтын және
кинематикалық деп бөледі.
Біріншісіне кәдімгі кескіш қосылыстарды (бұранда-сомын), құбыр
мен басқалардың қосылыстарын жатқызады, ал екіншісіне - жүрісті
бұрандалар, микрометрлік паралар, жүкті бұрандалар және
басқалары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: