Фрезерлеу кезінде өнімділікті көтеру бір уақытта өңделетін
дайындамалар мен бір уақытта жұмыс істеп тұратын кесетін
құралдар санының өсуімен, өңделетін дайындама мен құралдың
жұмысшы және бос жүрістерінің ұзақтығын қысқартудан
жеткізіледі.
Өңдеудің өнімділігін қамтамасыз ететін фрезерлеудің негізгі
тәсілдері мыналар болып табылады:
■
параллелді, яғни бір дайындаманың бірнеше бетін
немесе бірнеше дайындаманы бір уақытта фрезерлеу. Бұл
бір түзеткіште сәйкесінше цилиндрлі, дискілі және
үлгілемді фрезалардың санын немесе дөңбек фрезаларды
әр айналдырғыларда орналастыру арқылы, сонымен
қатар үлкен диаметрлі бір дөңбек фрезамен немесе ұзын
ұзындықты бір цилиндрлі фрезаның көмегімен іске
асырылады.
Мұндай
фрезерлеу
кезінде,
кейбір
ауысымдардың
машиналық
уақытымен
қосалқы
уақыттың азаюын сәйкестендіру салдарынан өңдеудің
еңбек сыйымдылығы қысқарады;
■
біртіндеп фрезерлеу дегеніміз білдектің үстелінде
қатарлап орналасқан бірнеше дайындаманы (немесе бір
дайындаманың бірнеше беттерін) білдектің үстелінің
жұмысшы қозғалысының үдерісінде фрезаға келуіне
байланысты біртіндеп фрезерлеу. Бұл жағдайда, қосалқы
уақыт қысқарады, себебі ол машина уақытымен
жабылады;
■
параллельді-біртіндеп фрезерлеу, мұнда білдектің
үстелінде қатарлап орналасқан бірнеше дайындаманы бір
уақытта (немесе бір дайындаманың бірнеше беттерін)
өңдеуді біртіндеп өңдеумен құрамдастырады. Бұл тәсілді
пайдаланғанда еңбек сыйымдылығы қысқаруымен қатар,
қосалқы уақыт қысқарады, сондықтан машина уақыты да
қысқарады;
■
бұрылатын үстелдерде және құрылғыларда фрезерлеу.
Бұл жағдайда, өңдеудің еңбек сыйымдылығы көп
қосалқы уақыттың машина уақытымен қиыстыруы
салдарынан қысқарады, себебі өңделген дайындаманы
алған кезде үстелдің немесе құрылғының басқа
позициясында бөлшекті фрезерлеу кезінде жаңасын
орнатады;
Достарыңызбен бөлісу: