Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет70/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   316
93
 


Дәнекерлеу
 
1.62-сурет. Дискілі (а), призмалық (б) және өзекті (в) қалыпқа 
келтірілген кескіштермен өңдеу 
келтірілген кескіштерді есептеу кезінде пайдаланады, талдамалыны 
- дәл дайындамаларды өңдеу үшін арналған кескіштерді есептеу 
кезінде. 
Құрастырғыштар деп, бөлек механизмдер түрінде орындалған 
көшіргіштерді айтады, олар кәдімгі көшіргіштермен жаңғырту 
дәлсіздеу немесе өте қымбат болатын, кескіндерді немесе 
тұйықталған 
дәл 
қисықтарды 
алуға 
көмектеседі. 
Құрастырғыштарды түрлері бойынша үш топқа бөледі: көшіргіш 
құрылғыға әсер ететін механизмдер түріндегі құрастырғыштар; 
атқарушы құрылғыға тікелей әсер ететін механизмдер түріндегі 
құрастырғыштар; электр құрастырғыштар.
1.63-суретте қарапайым құрастырғыштар арқылы көшіргіш 
фрезерлі білдектерде үлкен диаметрлі тесіктерді өңдеу схемасы 
көрсетілген. Білдектің үстеліне 1 дайындаманы 2 орнатады. 
Құрылғының корпусында 3 бекітілген осі 4 жылжымалы сызғыш 
айналып тұр, мұнда бөліктерімен бойлық ойық бар. Сызғыштың бір 
шетінде, көшіргіш саусағы 6 енгізілетін тесік орнатылған
екіншісінде - «өлі» орындардан өтулерді қамтамасыз ететін қарсы 
салмақ (суретте көрсетілмеген). Қарсы салмақтың әсерімен сызғыш 
айналу ортасынан айналып бұрылуға тырысып, сызғыштың тесігіне 
енгізілген саусаққа әсер етеді. Қарсы салмақтың әсерімен саусақтың 
ауытқулары білдектің байқаушы басқару механизмдеріне белгі 
ретінде беріледі де, фрезамен қайталауды саусақтың қозғалысымен 
шақырады. Фреза айналып тұрып, сызғыштың шығып тұрған 
бөлігіне тең радиусты қисық сызықты ойықты кеседі. 
94
 


1.63-сурет. Қарапайым құрастырғыштар арқылы көшіргіш фрезерлі 
білдектерде үлкен диаметрлі тесіктерді өңдеу схемасы
Шеңберді бөлігі көрсетілген құрастырғышты пайдалана отырып 
өңдеу үшін өңделетін дайындаманың бетіне белгі қояды. Фреза 
бастапқы нүктеге келтіреді, көшіргіш саусағын сызғыштың тесігіне 
енгізеді, ол қажетті радиус қашықтығына жылжиды. Ойықты өңдеу, 
фреза бастапқыдан соңғы нүктеге жеткен кезде аяқталады. 
Сызғышты корпус 3 бойымен орнын ауыстыруы өңдеудің радиусын 
өзгертеді, содан айналып тұрған сызғыш нақты тереңдікті тұйық 
ойықтың өңделуіне көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет