ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА ОҚУЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА ОҚУЛЫҚ
Чарльз У.Л. Хилл, Доктор Томас Халт
Халықаралық бизнес:
Жаһандық нарықтағы бәсеке
«Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке» оқулығы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды. Бұл – «Халықаралық бизнес» оқулығының 12-басылымы. Оқулықта халықаралық нарықтағы бәсекенің қыр-сыры терең зерттеліп, жаһандық және аймақтық мәселелер тең дәрежеде қарастырылған. Жаһандық капитал нарығының тарихы, әлемдік нарықтағы құқықтық жүйенің қызметі, жаһандық сауда және инвестиция ағындары, халықаралық бизнестің құрылымы мен стратегиясы, қаржы менеджменті, халықаралық бизнес функциялары егжей-тегжейлі талқыланған.
Осы тақырыптар әр тарауда кейстермен толықтырылып, теория мультиұлттық компаниялар тәжірибесімен өрнектелген. Ең бастысы, оқулық халықаралық бизнестегі кәсіпорындарға ұтымды стратегиялық шешімдер ұсынады. Бұл – болашақта халықаралық бизнеске араласатын студенттер үшін таптырмас оқу құралы. Оқулық экономика, халықаралық қатынастар, халықаралық бизнес, саясаттану мамандықтарының студенттері мен оқытушыларына, экономика тақырыбында жазатын журналистерге, осы салаға қызығатын қалың оқырманға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |