Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


Жүйені  конфигурациялау  проблемалары



Pdf көрінісі
бет32/103
Дата06.01.2022
өлшемі7,34 Mb.
#11814
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103
Жүйені  конфигурациялау  проблемалары.  Конфигурацияны 
ретке келтіру есептеуіш жүйеде анағұрлым әлсіз құрамдауыштарын 
анықтау және осы «осал жерлерді» жою процесін білдіреді. 
Кез  келген  аппараттық  платформаны  және  конфигурацияны 
таңдау 
заманауи 
есептеуіш 
жүйелердің 
сипаттамаларына 
қойылатын бірқатар жалпы талаптармен айқындалады. 
1. 
Құндылық  –  өнімділік  қатынасы.  Супер  компьютерді  өндіру 
кезінде басымдық өнімділікке беріледі, құндылық қасиеттері екінші 
орында
.  Жеке  компьютерлер  үшін  бірінші  орында  – 
  құныдылық 
сипаттамалар, өнімділік екінші орында.
 
2. 
Осы  екі  шеткі  бағыттар  арасында  құндылық  –    өнімділік 
қатынасында  негізделген  конструкциялар  бар.  Онда  өндірушілер 
құныдылық  параметрлер  мен  өнімділік  арасында  баланс  табады. 
Осындай  компьютердің  үлгілері  миникомпьютерлер  және  жұмыс 
станциялары  болып  табылады.  Есептеуіш  машинаның  өнімділігін 
«шапшаңдылық»  терминімен  жиі  ауыстырады.  Өнімділік  –  бұл 
машина  білгілі  бір  уақыт  ішінде  орындайтын  операциялардың 
 
 
2.9-сурет. Құрылғылар диспетчерінің түрін ретке келтіру
 


68
 
орташа  статистикалық  саны  (енгізу-шығару  операцияларын 
қоспағанда). Өнімділік бөлінеді: шыңдық өнімділік— жедел жадыға 
жүгіну  уақытын  есептемей,  процессордың  өнімділігі;  атаулы  – 
операциялық  жүйеге  жүгіну  есебімен  процессордың  өнімділігі; 
жүйелік  –  базалық  техникалық  және  бағдарламалық  құралдардың 
есебімен тапсырмаларды орындаудың жалпы уақыты.
 
Түрлі  компьютерлерді  өзара  салыстыру  үшін,  әдетте,  өнімдікті 
өлшеудің  стандартты  әдістемелері  қолданылады.  Осы  әдістемелер 
әзірлеушілер  мен  пайдаланушыларға  сынау  нәтижесінде  алынған 
сандық  көрсеткіштерді  кез  келген  техникалық  шешімдерді  бағалау 
үшін қолдануға мүмкіндік береді. 
3. 
Сенімділік 
және 
бұзылуға 
тұрақтылық.Есептеуіш 
жүйелердің  маңызды  сипаттамасы  сенімділік  болып  табылады. 
Сенімділіктің  артуына  бас  тартулар  мен  жаңылысулардың  санын 
азайту,  электрондық  схемаларды  және  жоғары  дәрежелі 
интеграциялау  құрамдауыштарын  қолдану,  бөгеттер  деңгейін 
төмендету,  жұмыс  жасау  режимідерінің  жеңілдетілген  схемалары, 
сондай-ақ  аппаратураны  жинау  әдістерін  жетілдіру  есебінен 
ақаулықтардың алдын алу жолымен қол жеткізіледі. 
 
Бұзылуға  тұрақтылық  –  бұл  ақаулықтар  туындағаннан  кейін 
есептеуіш  машинаға  бағдарламамен  белгіленген  іс-қимылдың 
орындалуын  жалғастыру  мүмкіндігін  қамтамасыз  ететін  қасиеті. 
Жүйенің  осындай  қасиеті  артық  аппараттық  және  бағдарламалық 
жасақтаманы  талап  етеді.  Ақаулықтарды  жоюмен  және  бұзылуға 
тұрақтылықпен байланысты бағыттар –  сенімділік проблемасында 
негізгі болып табылады. Есептеуіш жүйелердің параллельділігі мен 
бұзылуға тұрақтылығы деген ұғымдар өзара байланысты, себебі екі 
жағдайда  да  қосымша  функционалдық  құрамдауыштар  талап 
етіледі.  Сондықтан  параллельдік  есептеуіш  жүйелерде  жоғары 
өнімділікке қол жеткізіледі, ал көптеген жағдайларда –  өте жоғары 
сенімділік.  Көп  процессорлы  және  көп  машиналы  жүйелердің 
құрылымы  автоматты  түрде  қалпына  келтіруге  бейімделген  және 
жүйенің  жұмысын  ақаулықтар  туындағаннан  кейін  жалғастыру 
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
Сенімділік  ұғымы  аппараттық  құралдарды  ғана  емес, 
бағдарламалық  жасақтаманы  да  қамтиды.  Жүйенің  сенімділігін 
арттырудың  басты  мақсаты  онда  сақталатын  деректердің 
тұтастылығы болып табылады. 
4.
Масштабтау.Бұл  процессорлардың  саны  мен  қуатын,  жедел
мен сыртқы жадының көлемдерін және есептеуіш машинаның өзге 
ресурстарын  ұлғайту  мүмкіндігі.  Масштабтау  компьютердің 
архитектурасы  мен  конструкциясын,  сондай-ақ  бағдарламалық 


69
жасақтаманың тиісті құралдарымен қамтамасыз етіледі. 
 
Әр  жаңа  процессорды  нақты  масштабталатын  жүйеге  қосу 
барысында  тиімді  шығындар  кезінде  өніміділкті  және  өткізу 
қабілеттілігін ұлғайту болжанады. Масштабталатын жүйелерді құру 
кезінде  негізгі  міндеттерді  бірі  компьютерді  кеңейту  құнын 
минимизациялау  және  жоспарлауды  оңайлату  болып  табылады. 
Алайда,  өнімділіктің  нақты  ұлғаюын  алдын  ала  бағалау  қиынға 
түседі,  себебі  ол  мәндік  дәрежеде  орындалатын  қолданбалы 
міндеттерінің беталысы динамикасына тәуелді. 
Жүйені  масштабтау  мүмкіндігі  аппараттық  құралдардың 
құрамымен  ғана  анықталмайды,  сондай-ақ  ол  орнатылған 
бағдарламалық  жасақтамағы  қасиеттеріне  тәуелді.  Бағдарламалық 
жасақтаманың  масштабталуы  хабарламаны  берудің  қарапайым 
тетіктерінен  транзакция  мониторлары  және  барлық  қолданбалы 
жүйенің ортасы сияқты күрделі объектілермен жұмыс жасауға дейін 
оның  барлық  деңгейлеріне  әсер  етеді.  Бағдарламалық  жасақтама 
процессораралық  алмасу  көлемін  азайту  қажет,  ол  жүйе 
өнімділігінің  желілік  өсуіне  кері  әсер  етуі  мүмкін.  Аппараттық 
құралдар (процессорлар, шиналар мен енгізу-шығару құрылғылары) 
масштабталатын архитектураның бөлігі ғана болып табылады, онда 
бағдарламалық жасақтама өнімділіктің болжамды өсуін қамтамасыз 
ете  алады.  Анағұрлым  қуатты  процессеорге  көшу  сияқты 
қарапайым  қадам  жүйенің  өзге  құрамдауыштарының  қайта 
жүктелуіне  әкелетінін  ескеру  қажет.  Бұл  масштабталатын  жүйе 
негізде барлық параметрлер бойынша теңестірілген болу керектігін 
білдіреді. 
5.
Бағдарламалық
жасақтаманың 
үйлесімділігі 
мен 
мобильділігі.  Үйлесімділік  аппараттық  және  бағдарламалық 
деңгейлерде 
көрінеді. 
Аппараттық 
үйлесімділік 
түрлі 
өндірушілердің  аппаратурасын  жинақтауға  мүмкіндік  береді,  бұл 
түрлі  құрылғылардың  жалғағыштарының,  электр  параметрлерінің 
және 
сигналдар 
логикасының 
сәйкестендірілуін 
болжамдайды.Бағдарламалық  үйлесімділік  бір  компьютерге  ғана 
арналған,  басқа  компьютерде  қандай  да  бір  редакциялау  жүргізуге 
болмайтын  бағдарламаның  жұмысқа  қабілеттілігін  қамтамасыз 
етеді.  Бағдарламалық  үйлесімділік  міндеті  алғашқы  рет  кең 
ауқымда 
IBM/360  жүйенің  әзірлеушілерімен  қолданылған  еді.  Осы 
жүйенің  модельдерін  жобалау  кезіндегі  негізгі  міндет  жүйенің 
барлық модельдерінің бағасы мен өнімділігіне қарамастан, олардың 
әрқайсысы  пайдаланушының  пікірі  бойынша  бірдей    болып 
табылатын  архитектураны  құру  болды.    Осындай  тәсілде  жаңа 
модельдерге  (әдетте,  анағұрлым  өнімділігі  жоғары)  көшу 


70
 
барысында  бағдарламалық  жасақтаманың  бар  мүмкіндіктерін 
сақтауға  жағдай  жасайтын  едәуір  артықшылықтар  бар.  Осы 
артықшылықтарды 
компьютерлердің 
өндірушілері 
және 
пайдаланушылары  да  тез  арада  бағалады,  ол  бірлескен 
компьютерлердің  сериясының  құрылуына  әкелді.  Ең  озық 
архитектура  уақыт  өте  келе  сөзсіз  ескеріп,  архитектураға  және 
есептеуіш  жүйені  ұйымдастыру  тәсілдеріне  түбегейлі  өзгерістер 
енгізу қажеттілігі туындайтындығы бәрімізге мәлім. 
 
Бүгін  ақпараттық  технологияларды  дамытудың  анағұрлым 
маңызды  бағыты  қолданбалы  бағдарламалық  құралдарды  өндіру 
және  жеткізу  болып  табылады.  Бұл  пайдалану  үшін  кез  келген 
аппараттық  бағдарламаны  таңдау  емес,  оның  міндеттерін  шешуге 
мүмкіндік  беретін  бағдарламалық  жасақтаманың  өзі  маңызды 
екенімен  түсіндіріледі.  Бағдарламалық  үйлескен  компьютерлердің 
біртекті  желілерден  өзіне  түрлі  өндірушілердің  компьютерлерді 
қамтитын біртекті емес желілерді құруға көшуі желінің өзіне деген 
көзқарасты  өзгертті.  Ақпаратпен  алмасудың  қарапайым  құралынан 
желі  әрбір  элементі  (сервер  немесе  жұмыс  станциясы)  нақты 
қолданбалы  міндеттердің  талаптарына  сәйкес  келетін  жеке 
ресурстардың  өзара  байланыс  жасау  құралына,  қуатты  бөлінген 
есептеуіш жүйеге айналды.  
Осы көшу жүйеге қойылатын бірқатар талаптарды алға қойды. 
1.
Ол  шешілетін  мідеттердің  ауысатын  талаптары  мен
бағыттарына  сәйкес  аппараттық  құралдар  мен  бағдарламалық 
жасақтаманың саны мен құрамына өзгертуге мүмкіндік беруі керек. 
2.
Ол  бағдарламалық  жасақтаманың  мобильділігін,  яғни  түрлі
аппараттық платформаларда сол бір бағдарламалық жүйелерді іске 
қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. 
3.
Ол біртекті емес желіге кіретін барлық компьютерлердің сол
бір интерфейстерін пайдалану мүмкіндігіне кепілдік беру қажет
.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет