77
2.14-сурет. Windows үйлесімділік орталығы
Драйверлерді жаңарту осындай web-сайттарда қолдау бөлімінен жиі
жүктеуге болады.
Жаңартылған драйверді тапқаннан кейін өндірушінің web-сайтында
орнату бойынша нұсқаулықтарды қолдану қажет. Драйверлердің көбі
автоматты түрде орнатылады: олар жүктелгеннен кейін орнатуды бастау
үшін файлд екі рет шерту жеткілікті, одан кейін драйвер автоматты түрде
компьютерге орнатылады.
Кейбір құрылғыларда өздігінен орнату қажет болатын драйверлер
болады. Автоматты түрде орнатылмайтын драйвер жүктелсе, онда одан әрі
көрсетілген іс-әрекетті орындау қажет.
Осы іс-әрекетті орындау үшін әкімшінің құқықтарымен жүйеге кіру
керек.
1.
Құрылғылар диспетчерін ашыңыз. Ол үшін Іске қосу батырмасын
шертіп,
Басқару панелі /
Жүйе және қауіпсіздік құрамдауыштарын
кезекпен таңдаңыз, одан әрі
Жүйе бөлімінде
Құрылғылар диспетчерін
таңдап алыңыз.
2.
Жабдықтың дәрежелер тізімінде жаңартуды талап ететін
құрылғыны іздеңіз және оны атауын екі рет шертіңіз (
2.15-сурет).
3.
Драйвер
қосымшасында
Жаңарту
батырмасын
шертіп,
нұсқаулықтарды қолданыңыз.
Әкімшінің паролін енгізуге және оны
растауға сұрау көрсетілсе, онда
парольді енгізіп, растаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: