Ақпараттық базаны, анықтамаларды жаңарту. Объективтік
3.6-сурет. Басқару панелінде орнатылған бағдарламалар тізімі
87
нысанда ұсынылған жеке және осы барлық материалдар
компьютердің көмегімен табылып, өңдеуі үшін жүйелендірілген
материалдардың жиынтығы ақпараттық деректер базасы деп
аталады. Деректер базасы – бұл деректер жиынтығы, ол белгілі бір
схемаға сәйкес сақталады. Кең ұғымда деректер базасының жүйесі
іс жүзінде ақпараттық жүйе ұғымына синоним болып табылады
және өзіне деректерді, аппараттық жасақтаманы, бағдарламалық
жасақтама мен пайдаланушыларды қамтиды. Тар ұғымда деректер
базасының жүйесі оның деректер базасын, мүмкін толық базасын
басқара отырып, СУБД ретінде болады.
Ақпараттық жүйе – бұл бағдарламалық кешен, оның
міндеттері деректер базасын компьютерде сенімді сақтаудан,
бағдарламалардың
түрлендірілуін
және
тиісті
есептерді
орындаудан, пайдаланушыларға қолайлы интерфейсті ұсынудан
тұрады.
Ақпараттық жүйелерге жатады: пайдаланушыға оның сұрауы
бойынша оны қызықтыратын саладағы құжаттарды ұсынатын
кітапханалық ақпараттық-іздеуі жүйелері, билеттерге тапсырыс
жасау жүйесі, банк жүйесі, бухгалтерлік жүйелер, Интернет. Кез
келген ұқсас жүйе деректердің үлкен көлемін сақтайды.
Деректер
сөздігі-анықтамалығы
–
бұл
деректерді
орталықтандырып сақтау мен пайдалануға арналған бағдарламалық
жүйе.
Деректер сөздігі-анықтамалығы деректер базасының кез келген
жүйесін әзірлеу және пайдалану үшін арналған. Себебі сөздіктер-
анықтамалықтардағы деректердің өздерін деректер базасы ретінде
ұйымдастыру орынды, оларды құру үшін мамандандырылған
бағдарламалық
пакеттер
ғана
емес,
сондай-ақ
жалпы
пайдаланымдағы қарапайымСУБД пайдаланылуы мүмкін.
Сөздік деректер базасының пайдаланушылары мен әкімшілеріне,
программистерге қызмет көрсетуге арналған құралдардың
жиынтығын білдіреді. Сөздікте деректер базасының ұйымы, оның
құрамы мен құрылымы, деректер семантикасы туралы мәліметтерді
қамтиды және ол адамның қабылдауы үшін қолайлы түрде
ұсынылған. Сөздік, ең бастысы, деректер базасын әзірлеу және
оның әзірлеушілер мен пайдаланушыларына анықтамалық қызмет
көрсету үшін арналған.
Анықтамалық
СУБД
бағдарламалық
жасақтама
құрамдауыштарының жұмыс істеуін қолдау, деректер базасының
ортасында жұмыс істейтін қолданбалы бағдарламалар үшін қызмет
етеді. Ол деректерді ұсыну форматтары, олардың құрылымы,
қолжеткізу әдістері, жадыда орналастыру тәсілдеру туралы
88
мәліметтерді бағдарламалық құралдарды пайдалану кезінде қолайлы
түрінде қамтуы тиіс. Деректер сөздігі мен анықтамалығы қолданатын
көптеген метадеректер айтарлықтай қиылысады. Анықтамалық
құралдары деректер базасының жұмыс істеуі кезінде түрлі
жағдайларды қадағалауға және диагностикалауға мүмкіндік береді.
Мысалы, деректер базасында құрылымның немесе сипаттамалардың
өзгеруіне
байланысты
қолданбалы
бағдарламаларды
қайта
компиляциялау қажеттілігі туындайды.
Деректер сөздігі – бұл бағдарламалық жасақтама объектілері,
олардың деректер элементтері, объектілер арасындағы өзара
байланыстар, олардың пайдалану көздері және ұсыну форматтары
туралы мәліметтердің орталықтандырылған қоймасы.
Деректер сөздігінің негізгі мақсаттары болып табылады:
■
деректер базасын жобалау, іске асыру және пайдаланудың барлық
кезеңдерінде деректерді орталықтандырып жүргізу және басқару;
■
пайдаланушылар мен жобалаушылардың түрлі дәрежелері арасында
тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Деректер базасын жаңарту деректер базасының құрылымы
клиенттік бөлікке сәйкес келуі үшін қажетті. Деректер базасын
жаңарту жаңа версияға дейін жаңарту уақыты кезінде де болады.
Қолданыстағы деректер базасына жаңартуларды енгізу үшін
деректер базасының резервтік көшірмесін қалыптастыратын және
жаңарту журналының файлын жасайтын арнайы бағдарламалық
жасақтама қолданылуы тиіс. Деректер базасын жаңарту үшін
«Деректер базасын жаңарту менеджері» бағдарламалық өнімі жиі
қолданылады, ол екі бағдарламадан тұрады: жаңарту пакетін
дайындауға арналған бағдарлама және жаңарту пакетінің орындалуына
арналған бағдарлама.
Программистер оның көмегімен скрипттердің жиынтығын бір
файлға қалыптастырады. Бағдарламаны іске қосу бір exe- файлдің
көмегімен жүзеге асырылады. Пайдаланушы көптеген жағдайда тіркеу
ақпаратты енгізіп, барлық жерде Одан әрі басу жеткілікті.
Пакеттік режимде ақпараттық базаларды жаңарту келесідей
функционалдық мүмкіндіктерді қамтиды:
■
жаңартып отыру қажет ақпараттық базалар тізімін ретке келтіру
және сақтау;
■
пайдаланушы көрсеткен базаларды ғана жаңарту;
■
файлдық және серверлік режимде де жұмыс істеу;
■
жаңартуды іске қосу алдында шығыс базалардың автоматты түрде
резервтік көшірме жасауы;
■
модификацияланған конфигурациялардың бірі негізінде құрылған
ақпараттық базалардың дереу жаңарту мүмкіндігі
.
|