Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет59/103
Дата06.01.2022
өлшемі7,34 Mb.
#11814
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103
ActiveDirectory қалпына келтіру – негізгі қызметтерді, құрылғылар мен 
драйверлерді, 
сондай-ақ 
ActiveDirectoryкаталогтар 
қызметтерін 
қолдана отырып, қауіпсіз режимде Windows өткізгішін іске қосу;
 
 
 
4.2-сурет. Жүйе конфигурациясы терезесінің Жүктеу қосымшасы 
 


109

Желі – ОЖ негізгі құрамдауыштарын ғана қолдана отырып, қауіпсіз
режимде Windowsөткізгішін іске қосу.
Жүктеу қосымшасында келесідей функцияларды қосуға болады:

GUI қолданбай – Windows жүктемелі анимациясы ажыратылады;

Жүктеу журналы – Windows жүктеу процесі туралы барлық ақпарат
С:\Windows\Ntbtlog.txt файлда сақталады;

Базалық бейне – бейнекартаға сәйкес келетін драйверлердің орнына
VGA стандартты драйверлері жүктеледі;

ОЖ туралы ақпарат – Windows жүктеу кезінде жүктелетін
драйверлердің атауы көрсетіледі.
Егер Осы жүктеу параметрлері тұрақты болсын жалаушасы қосулы
болса, онда жүйенің өзгертілген параметрлері қолдың көмегімен ғана алып 
тастауға  болады.  Жалпы  қосымшасында  Қарапайым  іске  қосу  режимін 
таңдау  арқылы  өзгерістерді  алып  тастауға  болмайды.  Сондай-ақ 
өзгерістерді 
Жалпы 
қосымшасында 
Жүктеудің 
түпнұсқа 
конфигурациясын  қолдану  функциясының  көмегімен  де  алып  тастауға 
болмайды.  
Windows  қосымша  жүктеу  параметрлерін  ретке  келтіру  үшін  Жүктеу 
қосымшасында  Қосымша  параметрлер  батырмасын  шерту  қажет  (4.3-
сурет). 
1. 
Процессорлар 
саны.Осы 
параметрдің 
көмегімен 
жүйеде 
қолданылатын  нақты,  сондай-ақ  виртуалды  процессорлардың  санын 
шектеуге болады. Ол үшін жалауша орнатып, жүйе келесі рет қосылғанда 
қолдануы қажетті процессорларын санын ашылатын тізімде көрсету қажет.
 


110
 
4.3-сурет. Қосымша жүктеу параметрлері (Жүйе конфигурациясы) 
2. Жадының  максималды  көлемі.Осы  параметрдің  көмегімен  ОЖ
қолданылатын  физикалық  жедел  жадының  көлемін  шектеуге  болады.  Ол 
үшін  жалаушаны  орнатып,  ЖЖҚ  максималды  көлемін  (мегабайттарда) 
мәтіндік  өрісте  көрсету  қажет,  оны  жүйе  келесі  рет  қосылған  кезде 
қолданатын болады.
 
3. PCI  блокқа  қою.Егер  осы  параметр  қосулы  болса,  онда  ОЖ  PCI
шинасында  енгізу-шығару  және  үзу  ресурстарын  таратпайды.  Бұл  ретте, 
BIOSбелгілеген енгізу-шығару және жады ресурстары сақталады.
 
4. Жөндеу.Егер 
осы  параметр  қосулы  болса,  онда  құрылғы
драйверлерінің  әзірлеушілері  үшін  ядро  режимінде  жөндеудің  жаһандық 
параметрлерін беруге болады.
 
Қызметтер қосымшасы Windows жүктеу кезінде автоматты түрде іске 
қосылатын қызметтер тізімін қамтиды  (4.4-сурет). Осы барлық қызметтер 
екі дәрежеге бөлінген: 
1) ОЖ жұмысына тәуелді Microsoft қызметі;
2) Драйверлердің  және  кейбір  бағдарламалардың  жұмысына  қажетті
шеткі әзірлеушілері қызметтері.
Автожүктеу  қосымшасы  Windows  бірге  автоматты  түрде  қосылатын 
бағдарламалар тізімін қамтиды. 
Автожүктеудің Элементбағанасында бағдарламалар атауы көрсетіледі. 
4.4-сурет. Жүйе конфигурациясы терезесінің Қызметтер қосымшасы 


111
Өнімділік бағанасында – бағдарлама әзірлеушісі.
 
Команда бағанасында ОЖ бірге қосылып, орындалатын файл, сондай-
ақ осы файлдың орналасқан орны көрсетілген. 
Орналасуы  бағанасында  бағдарламаның  Windows  бірге  автоматты 
түрде қосылуына жауап беретін тізілім кілті көрсетіледі. 
Өшіру  күні  бағанасында  ОЖ  бірге  автоматты  түрде  қосылмайтын 
автожүктеу элементтерін өшіру күні көрсетілген.  
Windows  жұмыс  жасау  кезінде  проблемалар  туындаса,  онда 
бағдарламалардың  автоматты  түрде  қосылуын  кезекпен  өшіру  арқылы 
ақаулықтар  себебін  анықтауға  болады.  Бұзылу  себепшісі  қай  бағдарлама 
екенін  айқындау  үшін  барлық  бағдарламалардың  автожүктеуін  өшіру 
қажет,  одан  кейін  бағдарламаларды  бір-бірден  қосып,  компьютерді  қайта 
жүктеп, жүйенің жағдайын қадағалау қажет. 
Бағдарлама  Windows  бірге  қосылмау  үшін  оның  атауы  жанында 
жалаушаны алып тастау қажет және Қолдану батырмасын шерту қажет. 
Сервис  қосымшасы  Windows  ретке  келтіру,  әкімшілендіру  және 
диагностикалау  құрлдарын  тез  қосуға  мүмкіндік  береді  (4.5-сурет). 
Қажетті құралды таңдап, Қосу батырмасын шерту қажет: 

Бағдарлама  туралы  –  компьютерге  орнатылған  Windows  версиясы
туралы ақпаратты экранға шығару ;

Есептік  жазбаларды  бақылау  параметрлерін  өзгерту  –  UAC  ретке
келтіру  –    іс-қимылдың  растауын  сұрататын,  әкімшінің  құқықтарын
талап ететінWindows қауіпсіздік құрамдауышы;
4.5-сурет. Жүйе конфигурациясы терезесінің Сервис қосымшасы 


112
 

Қолдау  орталығы  –  Windows  қалыпты  жұмысына  көмектесетін
хабарламаларды  қарау  және  іс-қимылды  жасау  үшін  негізгі  орын.
Қолдау  орталығында  пайдаланушысының  назарын  талап  ететін
қауіпсіздік  және  компьютерге  қызмет  көрсету  параметрлері  туралы
маңызды хабарламалар көрсетілген;

Windows  кемшіліктерін  жою  –  Интернетті  қолданумен  байланысты
желімен, аппараттық жасақтамамен және құрылғылармен жұмыс жасау
кезінде  кейбір  таралған  проблемаларды,  сондай-ақ  бағдарламалардың
үйлесімділігі  бойынша  проблемаларын  автоматты  түрде  жоюға
арналған құралдар жиынтығы;

Компьютерді  басқару  –  Windows  жабдығын,  бағдарламалық
жасақтамасы  және  желілік  құрамдауыштарын  басқаруға  арналған
инструменттер жиынтығы;

Жүйе  туралы  мәліметтер  –  драйверлерді  қоса,  жабдықтың
конфигурациясы,  құрамдауыштары  мен  компьютердің  бағдарламалық
жасақтамасы туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді көрсететін Windows,
құрамдауышы;

Оқиғаларды  қарау  –  жүйеде  туындайтын  маңызды  оқиғалар  туралы
егжей-тегжейлі  мәліметтерді  қарауға  арналған  құрал  (мысалы,
автоматты түрде жүктелетін бағдарламалардың немесе жаңартулардың
тиісті  түрде  қосылмауы).  Осы  мәліметтер  Windows  және  орнатылған
бағдарламаларда  кемшіліктер  мен  ақаулықтарды  жою  үшін  тиімді
болуы мүмкін;

Бағдарламалар – Windowsқұрамдауыштарын қосу және өшіру, сондай-
ақ  бағдарламаларды  жою  немесе  олардың  конфигурациларын  өзгерту
үшін арналған Windows «Бағдарламалар мен құрамдауыштар» құралы;

Жүйенің  қасиеттері  –  жабдық  және  ОЖ  туралы  негізгі  мәліметтер.
Windowsөзектендіру  версиясы  мен  мәртебесі,  өнімділік  индексі,
компьютер атауы, домен атауы және жұмыс тобының параметрлері;

Шолушы қасиеттері – InternetExplorer браузерінің параметрлері;

IP-хаттамасын  конфигурациялау  –  компьютердің  желіліу  адресін
қарау және ретке келтіру (командалық жолда);

Жүйелік  монитор  –  Windowsорнатылған  өнімділікті  диагностикалау
және мониторингілеудің қуатты құралы;

Ресурстар  мониторы  –  нақты  уақыт  режимінде  процессорды,  қатты
дискіні,  желі  мен  жадыны  пайдалану  туралы  мәліметтерді  қарауға
арналған құрал;

Есептер 
диспетчері 
– 
компьютерде 
осы 
сәтте 
қосылған
қосымшаларды, процестер мен қызметтерді көрсетеді. Оның көмегімен
компьютердің  өнімділігін  бақылауға  немесе  жауап  бермейтін
қосымшалардың жұмысын аяқтауға болады.


113
Желінің  жағдайын  мониторингілеу  және  оның  жұмыс  жасау 
параметрлерін қарау;
 

Командалық 
жол 
– 
MS-DOS 
командаларын 
және  
пайдаланушының  графикалық  интерфейсін  қолданбай  өзге 
командаларды енгізу мүмкіндігін беретін  Windowsфункциясы;
 

Тізілім редакторы – компьютердің жұмысы туралы мәліметтерді
қамтитын  жүйелік  тізілімдегі  параметрлерді  қарау  және
өзгертуге арналған инструмент.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет