Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


ДЕРЕКТЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ



Pdf көрінісі
бет70/103
Дата06.01.2022
өлшемі7,34 Mb.
#11814
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103
ДЕРЕКТЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ 
Деректерді  қалпына  келтіру  –  қарапайым  тәсілмен  оқуға  келмейтін 
жағдайда, жадтайтын құрылғыдан ақпаратты алу рәсімі. 
Қалпына  келтіру  CD,  DVD,  қатты  дискілер,  флэш-жады  және 
басқаларын  қоса  алғанда,  кез  келген  компьютерлік  тасығыштан  жүзеге 
асырылуы  мүмкін.  Әдетте,  қалпына  келтіруге  белгілі  құндылығы  бар 
деректер жатады. 
Қалпына  келтіруге  қажеттілік  тасығышта  аппараттық  немесе 
бағдарламалық  бұзушылықтар  болса  немесе  деректердің  файлдары 
жойылған  ретінде  белгіленіп,  алайда  қайта  жазылғанға  дейін  сақталуын 
жалғастырған кезде туындауы мүмкін. Қазіргі уақытта деректерді қалпына 
келтіруге  негізгі  екі  тәсіл  бар:  бағдарламалық  және  бағдарламалық-
аппараттық. Тасығыштың туындаған ақаулығына байланысты тәсіл таңдап 
алынады. 
Бағдарламалық 
тәсіл 
тасығыштың 
құрылғысына, 
сондай-ақ 
микробағдарламалаудың 
жұмысына 
және 
қызметтік 
ақпарат 
модульдерінің  құрылымына  физикалық  араласпай,  деректердің  қалпына 
келтірілуін  көздейді.  Осы  тәсіл  тасығыштың  жұмысқа  қабілеттілігі 
сақталған,  алайда  кез  келген  себеп  бойынша  онда  сақталған  деректерге 
қолжеткізілім  жоқ  болған  жағдайларда  қолданылады.  Осының  себебі 
логикалық  дискілерді  форматтау,  тасығыштың  логикалық  геометриясын 
сәтсіз  өзгерту,  ақпаратты  жою,  тасығыштағы  деректерді  орналастыру 
құрылымы туралы ақпарат сияқты файлдық жүйенің ішінара немесе толық 
бұзылуы  бола  алады.  Көбінесе  аталған  жағдайларда  деректердің  аз  ғана 
бөлігін  қалпына  келтіруге  болады,  алайда  жойылған  деректерді  қалпына 
келтіру мүмкіндігі жоқ жағдайларда кездеседі (деректерді қайта жазу жеке 
жағдай болып табылады). Қалпына келтіру процесін автоматтандыру үшін 
көптеген, соның ішінде тегін бағдарламалар жазылған. 
Бағдарламалық-аппараттық  тәсіл  бағдарламалық  тәсіл  нәтиже 
бермеген жағдайларда қолданылады. 
Логикалық  дискіні  немесе  құрылымның  бөлімін  форматтау  кезінде 
деректер атрибуттары  бұзылмайды,  алайда осы тасығыштағы  деректердің 
орналасуы  туралы  ақпарат  өзгертіледі  немесе  түгенделеді  (бастапқы 
жағдайға келеді).
4.10.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет