Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет94/103
Дата06.01.2022
өлшемі7,34 Mb.
#11814
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   103
 


169
олар  журналдардың  файлдарында  сақталады,  хабарламалар  жасау  және 
автоматты  іс-қимыл  жасау  үшін  шекті  мәндер  қояды,  есептерді 
түрлендіреді  және  сұрыптаудың  түрлі  тәсілдерін  пайдалана  отырып, 
өнімділік жүйесінің тарихын қарастырады. 
Өнімділік  мониторы  визуалды  түрде  нақты  уақыт  ішінде  немесе 
алдыңғы  күндерді  қарау  режимінде  Windows  өнімділігінің  орнатылған 
есептеуіштерін  көрсетеді.  Өнімділік  есептеуіштерін  қосу  үшін  қажетті 
есептеуішті өнімділік мониторының терезесіне апаруға болады, сондай-ақ 
деректер  жинаушылардың  пайдаланушы  топтарын  құруға  болады. 
Өнімділік  мониторы  өнімділік  журналдарының  деректерін  визуалды 
бағалауға  мүмкіндік  беретін  бірнеше  графикалық  көріністерін  қолдайды. 
Сонымен бірге, өнімділік мониторының пайдаланушы көріністерін құруға 
және  оларды  өнімділік  және  тіркеу  функцияларымен  пайдалану  үшін 
деректер жинаушыларының топтары ретінде экспорттауға болады. 
Жүйелік  монитор  жүйенің  ағымдағы  белсенділігі  және  өнімділігі 
туралы  статистикалық  деректерді  алуға  мүмкіндік  береді.  Жүйелік 
мониторды қолдану келесідей мүмкіндіктерді ұсынады: 

компьютерлердің кез келген санында
біруақтылы деректерді қарау;

ағымдағы  белсенділікті  көрсететін  диаграммаларды  қарау  және
өзгерту, пайдаланушы анықтайтын жиілікпен жаңартылатын есептеуіш
5.1-сурет. Жүйелік монитор терезесі
 


170
 
мәндерін көрсету; 

диаграммалардан,  журналдардан,  ескерту  журналдарынан  және
есептерден  деректерді  электрондық  кестелерге  немесе  деректер
базаларының  қосымшаларына  одан  әрі  өңдеу  және  жариялау
үшін экспорттау;

ескерту  журналдарына  оқиғаны  енгізетін  және  желілік
ескертулерді  қалыптастырып,  пайдаланушыларға  хабарлама
жасайтын жүйелік ескертулер қосу;

алдын  ала  анықталған  қосымшаларды  бірінші  рет  немесе
есептеуіш мәні берілген мәннен жоғары немесе төмен болғанда
әр сайын іске қосу;

түрлі  объектілер  туралы  деректерді  түрлі  компьютерлерде
қамтитын журналдардың файлдарын құру;

ұзақ  уақытты  архив  қалыптастыру  үшін  бір  файлдан
журналдардың  өзге  файлдарынан  таңдап  алынған  бөлімдерді
қосу;

ағымдағы  белсенділік  туралы  есептерді  қарау  немесе
қолданыстағы  журналдар  файлдарының  деректері  негізінде
есептер құру;

қайтадан  пайдалану  үшін  барлық  жұмыс  кеңістікті  іске  қосу
үшін жеке диаграммаларды, ескертулерді, журналдарды, есептер
параметрлері мен деректерін сақтау.
MicrosoftServer  және  MicrosoftWindows  ОЖ  мониторингілеу
кезінде  өнімділікпен  байланысты  мәселелерді  зерттеу  үшін,  алдын 
ала негізгі үш облысты зерттеу қажет: 
1)
дискпен жұмыс жасау белсенділігі;
2)
процессорды пайдалану;
3)
жадыны пайдалану.
Жүйелік  монитор  құралы  орындалатын  компьютерді  бақылау
компьютердің  өнімділігіне  аздап  әсер  етуі  мүмкін.  Сондықтан 
бақылау  процедурасының  бақыланатын  компьютерге  әсер  етуін 
төмендету  үшін  жүйелік  монитордың  деректерін  басқа  дискіде 
(немесе  компьютерде)  тіркеу  немесе  Жүйелік  мониторды 
қашықтықтағы  компьютерден  орындау  қажет.  Қажет  болатын  тек 
есептеуіштерді  бақылау  керек.  Есептеуіштердің  аса  үлкен  санын 
мониторингілеу  кезінде  мониторингілеу  процесінде  ресурстардың 
қосымша  шығындары  туындайды,  бұл  қадағалау  жүргізілетін 
компьютердің  өнімділігіне  әсер  етеді.  Өнімділік  мониторы  нақты 
уақыт  ішінде  және  журнал  файлдарынан  өнімділік  деректерін 
визуализациялаудың  қарапайым,  сондай-ақ  тиімді  құралы  болып 
табылады.  Оның  көмегімен  өнімділік  деректерін  графика, 
гистограмма немесе есеп түрінде қарауға болады.
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет