26
Алайда, кез келген жағдайда қайшылықтардың бары жүйені
жүктеу уақытында аппараттық құралдарды тестілеу уақытын
ұлғайтады және компьютердің жұмыс жылдамдығын төмендетуге
әсер етеді. Сондықтан компьютердің барынша өнімділігіне
қолжеткізу және оның функционалдық мүмкіндіктерін толық іске
асыру мақсатында құрылғылар арасындағы бар қайшылықтарды
шешу қажет.
Осы қайшылықтар бірнеше құрылғылар жүйенің сол бір
ресурсын қолдануға тырысуымен байланысты туындайды, оларға
енгізу-шығару құрылғыларының мекенжайлар диапазоны, жадыға
тікелей қолжетімділіктің арналары және т.б. Осындай қайшылықтар
түрін шешу үшін қайшылықты тудырған параметрдің мәнін өзгерту
қажет.
Алайда, құрылғы оның ақаулығы нәтижесінде де дұрыс жұмыс
жасамайды. Мүмкін ол үшін сәйкес келмейтін немесе барлық
қажетті драйверлер орнатылмаған. Осы жағдайда, қайшылықты
құрылғыларға тиісті диагностика, оның жұмысқа қабілеттілігін
және оны қалпына келтіруге тексеру жүргізгеннен кейін қажетті
драйверлер қосуға тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: