69
жасақтаманың тиісті құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Әр жаңа процессорды нақты масштабталатын жүйеге қосу
барысында тиімді шығындар кезінде өніміділкті және өткізу
қабілеттілігін ұлғайту болжанады. Масштабталатын жүйелерді құру
кезінде негізгі міндеттерді бірі компьютерді кеңейту құнын
минимизациялау және жоспарлауды оңайлату болып табылады.
Алайда, өнімділіктің нақты ұлғаюын алдын ала бағалау қиынға
түседі, себебі ол мәндік дәрежеде орындалатын қолданбалы
міндеттерінің беталысы динамикасына тәуелді.
Жүйені масштабтау мүмкіндігі аппараттық құралдардың
құрамымен ғана анықталмайды, сондай-ақ ол орнатылған
бағдарламалық жасақтамағы қасиеттеріне тәуелді. Бағдарламалық
жасақтаманың масштабталуы хабарламаны берудің қарапайым
тетіктерінен транзакция мониторлары және барлық қолданбалы
жүйенің ортасы сияқты күрделі объектілермен
жұмыс жасауға дейін
оның барлық деңгейлеріне әсер етеді. Бағдарламалық жасақтама
процессораралық алмасу көлемін азайту қажет, ол жүйе
өнімділігінің желілік өсуіне кері әсер етуі мүмкін. Аппараттық
құралдар (процессорлар, шиналар мен енгізу-шығару құрылғылары)
масштабталатын архитектураның бөлігі ғана болып табылады, онда
бағдарламалық жасақтама өнімділіктің болжамды өсуін қамтамасыз
ете алады. Анағұрлым қуатты процессеорге көшу сияқты
қарапайым қадам жүйенің өзге құрамдауыштарының қайта
жүктелуіне әкелетінін ескеру қажет. Бұл масштабталатын жүйе
негізде барлық параметрлер бойынша теңестірілген болу керектігін
білдіреді.
5.
Бағдарламалық
жасақтаманың
үйлесімділігі
мен
мобильділігі. Үйлесімділік аппараттық және бағдарламалық
деңгейлерде
көрінеді.
Аппараттық
үйлесімділік
түрлі
өндірушілердің аппаратурасын жинақтауға мүмкіндік береді, бұл
түрлі құрылғылардың жалғағыштарының, электр параметрлерінің
және
сигналдар
логикасының
сәйкестендірілуін
болжамдайды.
Бағдарламалық үйлесімділік бір компьютерге ғана
арналған, басқа компьютерде қандай да бір редакциялау жүргізуге
болмайтын бағдарламаның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз
етеді. Бағдарламалық үйлесімділік міндеті алғашқы рет кең
ауқымда
IBM/360 жүйенің әзірлеушілерімен қолданылған еді. Осы
жүйенің модельдерін жобалау кезіндегі негізгі міндет жүйенің
барлық модельдерінің бағасы мен өнімділігіне қарамастан, олардың
әрқайсысы пайдаланушының пікірі бойынша бірдей болып
табылатын архитектураны құру болды. Осындай тәсілде жаңа
модельдерге (әдетте, анағұрлым өнімділігі жоғары) көшу
70
барысында бағдарламалық жасақтаманың бар мүмкіндіктерін
сақтауға жағдай жасайтын едәуір артықшылықтар бар. Осы
артықшылықтарды
компьютерлердің
өндірушілері
және
пайдаланушылары да тез арада бағалады, ол бірлескен
компьютерлердің сериясының құрылуына әкелді. Ең озық
архитектура уақыт өте келе сөзсіз ескеріп, архитектураға және
есептеуіш жүйені ұйымдастыру тәсілдеріне түбегейлі өзгерістер
енгізу қажеттілігі туындайтындығы бәрімізге мәлім.
Бүгін ақпараттық технологияларды дамытудың анағұрлым
маңызды бағыты қолданбалы бағдарламалық құралдарды өндіру
және жеткізу болып табылады. Бұл пайдалану үшін кез келген
аппараттық бағдарламаны таңдау емес, оның міндеттерін шешуге
мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтаманың өзі маңызды
екенімен түсіндіріледі. Бағдарламалық үйлескен компьютерлердің
біртекті желілерден өзіне түрлі өндірушілердің компьютерлерді
қамтитын біртекті емес желілерді құруға көшуі желінің өзіне деген
көзқарасты өзгертті. Ақпаратпен алмасудың қарапайым құралынан
желі әрбір элементі (сервер немесе жұмыс станциясы) нақты
қолданбалы міндеттердің талаптарына сәйкес келетін жеке
ресурстардың өзара байланыс жасау құралына, қуатты бөлінген
есептеуіш жүйеге айналды.
Осы көшу жүйеге қойылатын бірқатар талаптарды алға қойды.
1.
Ол шешілетін мідеттердің ауысатын талаптары мен
бағыттарына сәйкес аппараттық құралдар мен бағдарламалық
жасақтаманың саны мен құрамына өзгертуге мүмкіндік беруі керек.
2.
Ол бағдарламалық жасақтаманың мобильділігін, яғни түрлі
аппараттық платформаларда сол бір бағдарламалық жүйелерді іске
қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
3.
Ол біртекті емес желіге кіретін барлық компьютерлердің сол
бір интерфейстерін пайдалану мүмкіндігіне
кепілдік беру қажет
.
Достарыңызбен бөлісу: