146
Деректерді өңдеу ОБЖ əзірлеудің перспективалық бағыттарының бірі
C++, Smаlltаlk, Jаvа сияқты объектілік парадигманы қолдайтын тілдер мен
реляциялық
ДҚБЖ ядросы арасында интерфейстерді құру болып
табылады. Бұл ретте объектілерге арналған деректер реляциялық кестелер
түрінде сақталады, ал оларды өңдеу объектілік тілде жазылған
бағдарламалық кодта объектілердің əдістеріне жүгіну жолымен жүзеге
асырылады.
Әсіресе Jаvа бағдарламалау тілі негізінде құрылған жүйелер
қызығушылық тудырады. Осындай технология кроссплатформалық
жүйелерді алуға мүмкіндік береді, оларға арналған бағдарламалық код бір
рет құрастырылады, содан кейін əр түрлі операциялық жүйелер ортасында
орындалады.
Толық объектілік парадигма бойынша құрылған ОБЖ əзірлеген кезде
мынадай ерекшеліктерді ескеру қажет:
а) жүйенің деректер қорында кестелер емес, объектілер сақталады;
б) мəндік саланың моделінде нақты объектілердің əрекеттері
көрсетіледі;
в) деректер қоры мəндік саланың мəндерін де, сондай-ақ олардың
өзара іс-қимыл жəне жұмыс істеу қағидаларын да көрсетеді;
г) мəндік саланың белгіленген сыныптары негізінде əзірлеуші жаңа
деректер типтерін құрып, оларды өңдеу қағидаларын белгілей алады.
ОБЖ кемішілктері ретінде мынадай ерекшеліктерді атап өту қажет:
а) ОБЖ-да объектілермен əрекеттерді жасаудың дамыған рəсімдік емес
құралдары жоқ. Мысалы, объектіні іздестіру жəне оның деректерін
өзгерту үшін бағдарламалық кодты объектілік тілде жазу қажет;
б) Сілтемелік тұтастығын қамтамасыз ету үшін объектілік тілдегі
арнайы бағдарламалық қамсыздандыруды əзірлеу қажет, өйткені
объектілік модельде бастапқы жəне сыртқы кілт деген ұғымдар жоқ.
Объектілер өзара «суперсынып — кіші сынып» қатынасы түріндегі
иерархиялық қағидат бойынша байланыстырылған.
Гипермəтіндік
ақпараттық
жүйелер.
Достарыңызбен бөлісу: