Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет128/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,15 Mb.
#14334
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   139
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Оқулықта автоматтандырылған ақпараттық жүйелер жүйелік тəсілдеме 
тұрғысынан  қарастырылған.  Бұл  ретте  олардың  мынадай  үш  ерекшелігін 
ескеру қажет: 
1) 
ақпараттық  жүйелер  —  өз  жұмысы  үшін  адамның  қатысуын  талап 
ететін автоматтандырылған жүйелер; 
2) 
автоматтандырылған 
ақпараттық 
жүйелер 
жүйенің 
пайдаланушыларына  өз  кəсіптік  функцияларын  орындау  үшін  қажетті 
белгілі бір ақпаратты ұсынады; 
3) 
ақпараттық жүйелер құрамына міндетті түрде осы ақпараттық жүйе 
ол үшін құрылған мəндік саланы көрсететін деректер ауқымы енгізіледі.   
Ақпараттық  жүйелерді  талдау  мен  синтезі  əр  түрлі  тəсілдемелер 
негізінде  жүргізілуі  мүмкін.    Осындай  тəсілдеме  белгілі  бір  əдіснамаға 
жəне оған байланысты нотацияға сүйенеді.   
Ақпараттық  жүйелерді 
талдау 
мен 
синтездеудің 
объектілік 
əдіснамаларын  жəне  функционалдық-құрылымдық  əдістерін  пайдалану  ең 
перспективалық  деп  есептеледі.  Ұйымның  жүйелік  ерекшеліктерін  есепке 
алу үшін ақпараттық жүйелердің талдауы мен синтезін ұйымда ақпараттық 
жүйе  олармен  байланысты  жекелеген  қосалқы  жүйелердің  болуын  ескере 
отырып жүргізу қажет.   
Ақпараттық жүйелерді құруды басқару  үдерісі де жүйелік сипатқа ие.   
Ақпараттық  жүйелерді  əзірлеген  кезде  оның  болашақ  тұтынушылары 
тарапынан  талаптарды  белгілеп,  жобалау  барысында  осы  талаптардың 
сапалы  іске  асырылуын  қамтамасыз  ету  қажет.  Осы  міндетті  шешу  үшін    
қазіргі уақытта сапаны үздіксіз басқару əдіснамасы пайдаланылады. 
Ақпараттық  жүйені  пайдалану  тиімділігін  жəне  оның  жұмысының 
сенміділігін  бағалау  ұйымның  құрылымы,  ұйымның  функционалдық 
ерекшеліктері  сияқты белгілі бір жүйелік факторларды есепке алуды талап 
етеді.  Бұл ретте жабдықтың жəне жүйенің операторы мен пайдаланушысы 
ретінде адамның ерекшеліктеріне назар аудару қажет.     


162 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет