93
2.33-сурет. Пакеттерді импорттау
•
system (жүйе) — барлық модельденетін жүйені білдіретін пакет.
Қасбеттер мен бітеуіштер күрделі пакетті көрсетуді оңайлату үшін
пайдаланылады. Жүйені модельдеу үдерісін бөлшектеп байланыстыру
үшін бітеуіштер жүйені жекелеген пакеттерге бөлуге мүмкіндік береді.
Пакеттерге import стереотипі (2.33-сур.) қолданымды. Стереотип
пакеттер арасындағы өзара іс-қимыл үдерісін модельдеу пайдаланылады.
Стереотип «тəуелділік» типті байланыс үшін көрсетіледі. Бұл ретте, егер
пакеттің ішінде public қолжетімділік атрибутымен сынып болса, онда бұл
сынып басқа пакетке экспортталатын болып есептеледі. Сыныпты пакетке
тек бір сыныптың екіншіге тəуелділігін көрсеткен кезде ғана экспорттауға
болады. Импорттау байланысының болуы, сыныптың импорты жұпты
құратын бір пакеттен екіншіге жүзеге асырылатынын білдіреді
2.33-суретінде SERVICE пакеті екі сыныпты импорттайды ADO::
GеtCоnnесtiоn, ADO::GеtRесоrds. INFOSYSTEM пакеті SERVICE пакетінің
сыныптарын импорттайды, бірақ ADO пакетінің сыныптары оған
қолжетімсіз, оларды пайдалану үшін импорттау қажет.
Пакеттер арасында «жалпылау» типті байланыстарды құруға болады.
Жалпылау кезінде пакет тек p u b l i c ж ə н е p r o t e c t e d қолжетімдік
атрибуттерімен таңбаланған сыныптар ала алады.
Достарыңызбен бөлісу: