Деректер кубтың белгілі бір ұяшығында сақталады жəне үш өлшеммен
сипатталады (3.1 сурет):
1) объект — мəндік саланың белгілі бір мəні;
2) атрибут — осы мəннің қасиеті;
3) уақыт — ол ішінде объекттің атрибуты өзгеретін уақыт аралығы.
Үшөлшемді кеңістікте орналасқан деректермен мынадац операциялар
орындалады:
• қима — гиперкубтан бір немесе бірнеше өлшемдер бойыншаа
бекітілген мағыналармен қосалқы жиынтықты белгілеу;
• айналдыру — өзгерістерді екіөлшемді көрсету тəртібін өзгерту;
• тұқырту — өлшеудің бір мағынасын иерархия деңгейінің неғұрлым
жоғары мағынасына ауыстыру. Мысалы, егер белгілі бір уақыт өлшеміне
сəкес келетін мағына алынса, онда тұқырту операциясы интервалдық
барлық уақыт белгілеріне сəйкес келетін мағыналарды алуға мүмкіндік
береді;