Байланысты: Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық
2.3. Ақпараттық жүйелердің ӛмір циклінің модельдері Кез келген ақпараттық жүйенің тіршілігі мынадай негізгі
кезеңдерден өтеді: жобалау, пайдалану, тозу (ескіру) жəне бөлшектеу.
Осы факторлардың жиынтығы жүйенің ӛмір циклін құрады.
Ақпараттық жүйелердің өмір циклі қазіргі уақытта ISO/ IEC 12207
сатандартында белгіленеді. Осы стандарт субъектілер жинағын – өмір
циклінің əр кезеңіндегі қатысушыларды белгілейді. Стандартта өмір
циклінің моделі жалпы түрде үш кезеңге бөлінеді: жүйені əзірлеу,
пайдалану, бөлшектеу. Әр кезеңде белгілі бір элементтер
ажыратылады.