Байланысты: Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық
Графикалық нотациялар. Нотация арқылы мəндік саланың,
ақпараттық жүйенің жəне жүйенің ішінде өтетін үдерістерді көрнекі
көрсетілетін графикалық тілді белгілейді.
Қазіргі графикалық нотациялар екі негізгі сыныпқа бөлінеді:
1)
ақпараттық жүелерді талдау жəне синтездеудің объектілік-
бағдарланған тəсілдемесінде пайдаланатын;
2)
ақпараттық
жүелерді
талдау
жəне
синтездеудің
функционалдық жəне құрылымдық тəсілдемесінде пайдаланатын.
Осы нотациялар шеңберінде олардың кіші сыныптарын белгілеуге
болады (2.14-кесте).
Қазіргі уақытта белгілі бір графикалық тілді жəне тиісті
диаграммаларды құру қағидаларын сипатайтын бірнеше өнеркəсіптік
стандарт белгілі. Осындай стандарттардың жалпы атауы — IDEF.
Осы стандарттар күрделі жүйелерді модельдеу жəне жобалау үшін
пайдаланылатын ICAM (Integrаted Cоmрuter Aided Manu- fасturing)
тектес əдіснамаларды іске асырады. ICAM əдіснамалары АҚШ
Әскери-əуе күштерімен ЭЕМ көмегімен əскери өнімді əзірлеу жəне
өндіру үдерістерін автоматтандыру үшін əзірленген болатын.