Байланысты: Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық
Аспаптық CASE-құралдары. Builder сыныбы. Осы типтегіаспаптық
құралдар ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамсыздандыруын
əзірлеуге арналған IDE-құралдар (Integrated Dеvеlорmеnt Envirоnmеnt)
болып табылады. Осы құралдардың мынадай ерекшеліктері бар:
а) олар компиляциядан кейін нақты операциялық жүйеде қосымша
ретінде пайдаланылатын бағдарламалық өнімді əзірлеуге мүмкіндік береді;
б) осындай аспаптық құрал көмегімен əзірленген ақпараттық жүйе
ДҚБЖ ядросына белгілі бір бағдарламалық қол жеткізу технологиясы
көмегімен құрылады;
в) бағдарламалық қамсыздандыруды əзірлеу визуалды жəне объектілік
бағдарламалау технологиясы көмегімен жүргізіледі;
г) əзірлеу жүйесінің құрамына бағдарламалық қамсыздандыруды
тестілеген кезде семантикалық қателерді айқындауға мүмкіндік беретін
ретке келтіру механизмдері кіреді;
д) нысандарды– белгілі типтегі бағдарламалардың терезелерін құруға
арналған шеберлер бар;
е) əзірлеушіге белгілі бір форматтағы деректер қорына жылдам қол
жеткізуге арналған сервис ұсынылады.
Мысал ретінде MS УЕ
Ш
1 Basiс 6.0 (VB) визуалды бағдарламалау
жүйесін
қарастырамыз.
Осы
жүйедегі
ақпараттық
жүйелердің
бағдарламалық
қамсыздандыруын
əзірлеу
компиляциядан
кейін
пайдаланушыға Windоws 32х арналған бағдарлама түрінде беріле алатын
жобаны құру жолымен жүргізіледі.
Осы жүйенің негізгі парадигмасы ақпараттық жүйенің интерфейсін
əзірлеудің объектілік технологиясы болып табылады. Әзірлеушіге оның
даналары əзірленетін бағдарламалау жүйесінің интерфейсін құратын
сыныптар жинағы ұсынылады. Осындай негізгі объекті нысан болып
табылады, оның анасы – бағдарламаның терезесі əзірлеушіге нысаннан
басқа пəрмендік батырмалар, жалаушалар, мəтіндік жолдар, белгілер жəне
т.б. сияқты сұхбаттасу объектілерінің даналарын пайдалануға мүмкіндік
береді. Аталған объектілердің даналарын алу үшін визуалдық технология
пайдаланылады. Дизайнер режимінде əзірлеуші: