Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет75/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,15 Mb.
#14334
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   139
Байланысты:
Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

ARIS  әдіснамасы.  Осы    əдіснама  ықпалдастырылған  ақпараттық 
жүйелерді жобалауға арналған. ARIS (Arсhitесturе оf Intеgrаtеd Infоrmаtiоn 
Sуstеms)  əдіснамасы  ақпараттық  жүйелердің  түрлі  модельдерін  құруды 
көздейді.  
Жалпы түрде төрт модельдер типі белгіленеді   (2.38 кесте). 
Әдіснама  ұйымның  жəне  оның  құрамындағы  ақпараттық  жүйенің 
ерекшеліктерін көрсететін түрлі диаграммаларды құруға мүмкіндік береді.    
Ары қарай ARIS  диаграммаларын шолу жүргізілді.    
Мақсаттар  диаграммасы.  Ұйымның  стратегиялық  мақсаттарын  оның 
құрылымының  элементтерімен  өзара  байланыста  көрсетеді.  Осындай 
диаграмманы  жасаған кезде ұйым мақсаттарының ағашы құрылады.   
Өнімнің жəне қызметтердің диаграммасы. Өнім мен қызметтерді ұйым 
құрылымының  элементтерімен  өзара  байланыста  сипаттайды.  Диаграмма 
иерархиялық құрылым болып табылады.   
Функциялардың  диаграммасы.  Ұйым  орындайтын  функцияларды  
иерархия  түрінде  көрсетеді.  Алдынғы  диаграммалар  сияқты,  ол 
иерархиялық құрылым болып табылады.   
  2.39  кестеде  осы  диаграммалар  үшін  ARIS  шартты  белгілері 
көрсетілген. 
Үдеріс  ортасының  диаграммасы.  Белгілі  бір  үдерісті  белгілеуді  жəне 
оның  ортасындағы  объектілерді  сипаттауды  көздейді.  Бұл  ретте  осы 
модельде  олардың  шартты  белгілері  2.40.  кестесінде  көрсетілген 
объектілер бар.  


114 
 
 
2.39 кесте  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет