184
кезінде пайда болады. Бұл жағдайда оқылған ақпараттар көнелеу де,
ішінара жаңартылған деректерді де құрауы мүмкін.
Шиеленіскен жағдайлардың алдын алу үшін семафорлар
қолданылады —жадының қандай да бір бөлігін қолдану мүмкіндігін
көрсететін арнайы жалаушалар. Жадыға жазу кезінде процесс семафор
қойылады — бұл жадының «бос емес» екендігін білдіреді; ал жазу
аяқталғаннан соң оны алып тастайды, бұл жадының босатылғанын
білдіреді. Басқа процестер ақпараттарды жазу немесе оқудың алдында
семафордың жағдайын тексереді және жазу мүмкін емес жағдай арнайы
өңделеді. Мұндай жағдайда, процес өзінің орындалуын семафорды
алғанға дейін тоқтата тұрады немесе ақпараттарды өзінің ішкі
буферінде жинайды және семафорды алғанда буферден ақпараттарды
жазып алады.
Семафор механизмі тек жалпы жады пайдаланғанда ғана ыңғайлы
емес, кез келген біріккен ресурстардың қолданысында пайдаланылуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: