Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет127/220
Дата25.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#26438
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   220
118
 
 
 
WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ 
ТАПСЫРМАНЫ БАСҚАРУ ТІЛІ 
5.9.1.  Windows командалық интерпретатор 
Дәл  Linux  секілді,  Windows  операциялық  жүйелері  командалық 
интерпретатор интерфейсімен жұмыс жасайды. Көбіне оның қасиеттері  
MS  DOS  операциялық  жүйесінің  командалық  интерпретаторынан 
алынған  және  UNIX/  Linux  операциялық  жүйелеріне  тән 
ерекшеліктермен  толықтырылған.  Бұл  бөлімде  Windows  операциялық 
жүйелеріндегі  Windows  XP  жүйесінде  орындалған  командалық 
интерпретаторға  негізделген  қосалқы  жүйенің  кейбір  қасиеттерін 
қарастырамыз.
 
Windows  операциялық  жүйелерінде  Windows  NT  ядросына 
негізделген  командалық  интерпретаторды  іске  қосу  үшін  cmd.exe 
бағдарламасы  қолданылады.  Командалық  жолақ  интерфейсін  жүргізу 
үшін  Іске  қосу  (Start)  мәзірін  ашу  керек,  мәзірден  Орындау    (Run) 
тармағын таңдап, бағдарламаны cmd.exe іске қосамыз.
 
Командалық  интерпретаторды  іске  қосқан  соң,  стандартты 
жұмысқа  шақыру  терезесі  ашылады.  Windows  XP  операциялық 
жүйелерінде мұндай шақырту келесідей болады:  
Microsoft Windows XP [Version 5.1.2600]
 
(C) Copyright 1985-2001 Microsoft Corp.
 
C:\>
 
Бірінші  екі  жолақ  пайдаланушы  операциялық  жүйенің  нұсқасы 
туралы ақпараттандырады және Microsoft фирмасының артықшылыққа 
ие  құқықтарымен  таныстырады.  Соңғы  жолақ  командаларды  енгізуге 
арналған стандартты шақырту немесе пайдаланушыдан тапсырма алуға 
арналған шақырту болады. 
 
Бұл  интерпретаторда  командаларды  енгізу  Linux  операциялық 
жүйелеріндегі  деректерді  енгізумен  бірдей.  Мысалы,  операциялық 
жүйенің нұсқасын келесі жолмен шығаруға болады: 
 
C:\>ver 
 
Microsoft Windows XP [Version 5.1.2600]
 
C:\> 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет