17
аяқталған кезде процес жады босайды, ақпараттық орта жабыны қайта
қалпына келеді және операциялық жүйе арқылы оған басқару
қайтарылады.
Бағдарламалардың іске қосылуы бұндай ОЖ үшін кезекті. Егер бір
бағдарламаға орындалуды жүзеге асыру үшін басқа бағдарламаны
шақыру қажет болса, шақырып отырған бағдарламаның ортасы
сақталады және шақырылған бағдарлама аяқталған соң бағдарламаның
ақпараттық ортасы қайта қалпына келеді.
Біртапсырмалы ОЖ кіріс/шығыс жүйесінің құрамына құрылғыларға
қолжетімділікті бөлу құралдары кірмейді, өйткені құрылғыны бір
мезгілде тек бір процес қана пайдаланады.
Біртапсырмалы ОЖ көптапсырмалы да бола алады. Бұндай жүйенің
мысалына пакеттік өңделуі бар ОЖ бола алады. Осындай ОЖ
пайдаланушылар бағдарламаларды орындауға тапсырмалар кезегін
құрады, бұған қоса тапсырмалар бірнеше пайдаланушыларға тиесілі
болулары мүмкін. Жүйе пайдаланушылар бағдарламасын кезекпен
орындайды, оның үстіне пайдаланушыны ауыстырар алдында бұған
дейінгі пайдаланушының жұмыс сеансы аяқталады да жаңа
пайдаланушы сеансы басталады. Осылайша, тапсырма өзгерген сайын
әр бағдарламаның ақпараттық ортасы ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: