203
Сигналдық жалаушылардың алабы процеске сәйкес келетін процестер
кестесінің жолында сақталады, сигнал ерекшеліктерін өңдеуші алабы
— процестің U-аумағында деп аталады, процестің жұмысы кезінде
қолданылатын және қалыптасатын ақпараттарды құрайды. Әр сигнал
бір типтің сигналына сәйкес келеді. Процеске сигнал жіберілген кезде,
ядро сәйкес келетін жалаушаны оның процестер кестесінің жолына
қояды.
10.4-сурет. Сигналдар өңдеушілер
кестесінің құрылымы
Егер қабылдаушы – процесс күту жағдайында орналасса, ядро
процесті белсенді жағдайға көшіреді және процестерді орындалу
кезегіне қояды. Егер қабылдаушы-процесс белсенді болса, онда ядро
орнатылған сигналдық жалаушасына сәйкес келетін сигналдар
ерекшелігін өңдеу алабы элементінің мәнін оқи алады. Егер алап
элементінің мәні нөлге тең болса процесс әдеттегідей өңделуде
орындалады. Егер алап элементі бірді құраса сигнал еленбей қалады.
Массив элементінің кез келген басқа мәні сигнал өңдеуші-
функциясының мекен-жайы ретінде қолданылады. Соңғы жағдайда
ядро басқаруды қабылдаушы-процестің ішіндегі өңдеуші-функциясына
жібереді. Басқаруды өңдеуші-функцияға жіберместен бұрын ядро
сигналдық жалаушаны алып тастайды және нөлдік
мәнді сәйкес келетін
сигналдарды өңдеуші алабының элементіне жазып алады. Осылайша,
бірнеше бірдей сигналдарды сатылы түрде жіберсе қалғандары үшін
әдеттегідей өңдеуші шақырылатын болады.
Бұдан бұрын айтылғандай, барлық тізбектеліп түсуші сигналдарды
дұрыс өңдеу үшін ерекшеліктерді өңдеу алабының элементіне сәйкес
өңдеуші – функциясының мекенжайын қалпына келтіру керек.