43
2.5. сурет мәліметтерді
ұсыну деңгейлері
Жоғарыда көрсетілген деректерді ұсыну деректердің логикалық
құрылымын қалыптастырады — бағдарламалық қамтылыммен
пайдалануға ыңғайлы құрылым, жинақтауыштағы деректердің
физикалық сипатталуымен ешқандай ұқсастығы жоқ. Егер деректердің
физикалық құрылымын қарастыратын болсақ, ең төменгі деңгейде
деректер дисктің минималды адрестелетін аумағы, яғни магниттік
домен (қатты немесе иілгіш дискте) ретінде ұсынылған
. Бір магниттік
домен дегеніміз бір бит ақпарат, сектор көлемі әдетте 512 байт тең,
дегенмен бұл мән дисктік бөлім жасаған кезде өзгеруі мүмкін. Көлемі
512 бастап 4 096 байт дейін диапазонында ауытқиды. Сектор санауыш
бастиек номері көмегімен, жолақ номерімен және жолдағы сектор
номерімен сәйкестендіреді. Секторды есептеу
немесе жазу кезінде ОЖ
ядросына кіретін осы дисктік жинақтауыш драйверімен басқарылатын
дисктік бақылағыш арқылы өтеді.
Дисктік бақылағышы бар драйвер интерфейсі құрылғыға
қолжетімділік режимін анықтайды: символдық қолжетімділік кезінде
ақпарат біртіндеп бір таңбамен есептеледі, блоктық қолжетімділік
кезінде — белгіленген көлем блоктарымен (әдетте сектор өлшеміне
еселі).
Драйвер құрылымдамаған номерленген физикалық блоктар тізбегі
түріндегі дисктік кеңістікті ұсынады. Физикалық блок көлемі әдетте