Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет98/220
Дата25.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#26438
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   220
94
 
 
 
интерпретаторлар  немесе  оларға  ұқсас  тапсырмаларды  пакеттік 
режимде орындауға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдар бар.   
 
 


95
 
 
 
BASH 
ИНТЕРПРЕТАТОРЫ ТІЛІНІҢ ЖАЛПЫ 
ЕРЕЖЕЛЕРІ 
Тапсырманы 
басқару 
тілінің 
синтаксисі 
пайдаланылатын 
командалық  интерпретатормен  анықталады.  Осы  оқулықта  базалық 
ретінде  командалық  интерпретатор  BASH  (Bourne  -  Again  Shell) 
қолданылады. BASH  команданың диалогтық  режимде  жұмыс жасаған 
кезде командалық жолақ шақыртуына жауап пернетақтадан енгізіледі. 
 
Файлдар  түрінде  рәсімделетін  тапсырма    екі  бөліктен  —
командалық  интерпретатор  атын  және  оған  апаратын  жолды  
анықтайтын  тақырыптан  және  тапсырма  мәтінінен  тұрады.  Тақырып 
тапсырма  файлының  бірінші  жолағының  бірінші  таңбасынан 
басталады  және  BASH  интерпретаторы  үшін  әдетте  келесідей 
жазылады:
 
#!/bin/bash
 
Бұл жерде «#» — түсініктеме таңбасы. Жолақтағы «#» таңбасынан 
кейін  орналасқан  барлық  таңбаларын  интерпретатор  команда  ретінде 
қабылдамайды, тапсырма орындаған кезде еленбейді.   
Тақырыпта  ерекше  түрдегі  түсініктеме  болып  саналады,  өйткені 
«#»  таңбасынан  кейін  бірден  «!»  таңбасы  қойылған.    «#!» 
конструкциясы тапсырма файлының алдына орналастырылғанда, одан 
кейін  командалық  интерпретатордың  орындалатын  файлының  толық 
атауы жазылатыны туралы ескертеді.  
 
Тақырыптан  кейін  сценарийдің  негізгі  бөлігі—  командалар  тізбегі 
жүреді.  Сценарийдің  бір  жолағы  бір  немесе  бірнеше  командалардан, 
түсініктемелерден тұруы мүмкін немесе бос болуы да ықтимал. Ереже 
бойынша  сценарийдің  бір  жолағы  бір  командан  тұрады,  егер 
командалар  саны  көп  болса  бір  жолақта  олар  өзара  үтір  нүктемен 
бөлінеді. 
 
BASH  көптеген  командаларының  синтаксистік  шақыртуы  екі 
бөліктен тұрады:
 
<команда атауы> <параметрлер>
 
Команда  аты  ретінде  BASH  ішкі  команданы  немесе  бағдарлама 
коды  мен  тапсырма  мәтінінен  тұратын  файл  атауын  пайдалануға 
болады.  
 
BASH жиі қолданылатын командалары және сыртқы бағдарламалар 
бойынша қысқаша анықтама 2 Қосымшада келтірілген. 
 
Егер команда және оның параметрлері өте ұзын болса, алмастырып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет