Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет10/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

Үй-жай және жарықтық. Компьютерде жұмыс істейтін үй-жайдың ішінде табиғи жарық, немесе жасанды жарық болуы тиіс. Ең дұрысы, егер терезелер солтүстікке немесе солтүстік-шығысқа шыққан болса. Үй-жайды жылыту аспаптарымен жабдықтаудаудан басқа, ауаны кондициялау немесе тиімді вентиляция жүйелерімен де жабдықтау қажет. Қабырға мен төбені күңгірт сырмен бояған жөн: жылтыр және ерекше айналық бет көзді шаршатады және жұмыстан алаңдатады. Үй-жай ішінде күнделікті ылғалды тазалап тұру қажет.
Жұмыс орнының алаңы 6 м2, ал көлемі – 20 м3 болғанын қалаған жөн. Үстелді жарық сол жағынан түсетіндей етіп, терезенің бір жағына қою керек. Компьютермен жұмыс істеу кезінде ең жақсы жарық – қисық таралған жарық, ол экранға дақ түсірмейді. Пайдаланушының көз аясында жарықтың тез ауысуы болмау керек, сондықтан терезені пердемен немесе жалюзимен жабылған дұрыс. Жасанды жарық жаппай және бірқалыпты болуы керек, және де тек үстел шамын ғана пайдаланған жарамайды.
Жұмыс орнын ұйымдастыру. Жұмыс орнында монитор, пернетақта
және жүгіртпе, басқа да компьютер жабдықтары, сондай-ақ кітаптар, қағаздар – жұмысқа керекті заттардың барлығы еркін орналасуы қажет. Егер мониторлармен бірнеше үстелді қатарға орналастыру қажет болған жағдайда, оладың ара қатынасындағы қашықтық 2 м, ал қатар арасы – 1,2 м.-ден кем болмауы тиіс.
Пернетақта және жүгіртпемен жұмыс жасау кезінде қолдардың дұрыс орналасуы денсаулықты сақтауға әсер етеді. Шынтақ иыққа тік бұрышпен үстел үстіне параллельді орналасады. Білек қисаймауы керек, өйткені зақым келуі мүмкін. Жұмыс уақытында білек бір нәрсеге тірелгені жөн. Заманауи пернетақта мен жүгіртпе конструкциясы тіреуішті қарастырған (пернетақта дизайны мен арнайы төсемше). Пернетақта үстел шетінің 10...15 см. орналасуы керек.
Эргономикалық жиһаз. Медиктер әзірлеген санитарлық-гигиеналық нормалар компьютерлік және кеңсе жиһазын құру, сондай-ақ кеңсе жайларын жобалау кезінде ескерілуі керек. Соңғы уақытта гигиена мен жайлылық талаптарын ескерумен жасалған бұйымдар эргономикалық деп аталады.
Эргономика – адам және машинаның өзара қатынасы туралы ғылым. Қазіргі уақытта оның тапсырмаларының бірі – компьютер жұмысына байланысты адам ағзасына түскен салмақты төмендету. Мысалы, «эргономикалық жүгіртпе» білекті дұрыс қалыпта ұстау үшін құрылған. Заманауи компьютерлік жиһазға қойылған басты талаптарының бірі – оның эргономділігі. «Компьютерлік жиһаз» түсінігі компьютерлік жабдықтарға арналған универсалды тұрынтағы бар жиһаздар жатқызылған. Оның әдетте, монитордың астына тіреуіші бар, процессор блогына арналған ұяшығы бар және принтерге арналған сөресі бар. Осындай тұрынтақтың негізгі жетістіктері – төмен баға және ықшамды, бұл шағын пәтерлер үшін өте маңызды.
Кеңседе компьютерлерді пернетақтасына арналған жылжымалы тақтайшасы бар үлкен үстелдердің үстіне орналастырады. Қадағалау барысында, компьютермен жұмыс істейтін адамдардың кәсіби ауыруы – білек каналдарының синдромы, ол көбінесі осындай заманауи құрылғының салдарынан болады. Оны былай түсіндірсек болады, кеңсе үстелінің биіктігі жазба жұмыстарына есептелген, ал жылжымалы тақтасындағы пернетақта нормадан төмен келеді. Мониторды әдетте бұрышқа қояды, жұмыс кезінде біресе солға, біресе оңға қарауға тура келеді. Аса ыңғайлы жұмыс жағдайын құруға болады – Г-үлгісіндегі үстел жасап, оның үстіне жабдықтар мен материалдарды орналастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет