Процессор – есептеуіш машинаның жадысында болатын бағдарламаны орындау құрылғысы.
Сервер – желілік есептеуіш машина, онда клиенттерге қол жетімді ақпараттық ресурстар болады және желінің клиенттік жұмыс станцияларына қызметтер көрсетіледі.
Сканер – қағаз немесе басқа тасымалдағыштан мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.
Файл – бағдарламадан тыс болатын сыртқы жадыда орналасатын және бағдарламаға арнайы операциялар арқылы қолжетімді болатын деректер типі нақты бағдарламасында толық сипатталған экземплярлардың сәйкестендірілген жиынтығы.
Шина – сандық коммуникациялық сызықтардың кейбір жинағы, олардың әрбіреуі екілік сандардан 1 және 0 тұратын сигнал жіберуге қабілетті.