Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


- кестесі. Intel және AMD компанияларының үстел ДК үшін процессорлар түрлерінің негізгі сипаттамалары



бет17/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   113
1.1.- кестесі. Intel және AMD компанияларының үстел ДК үшін процессорлар түрлерінің негізгі сипаттамалары

Процессор

Тактілік жиілігі, МГц

Ядро саны

Процессорлық жалғағыш (сокет)

AMD

Sempron

2 600 ..

2 800

1

SocketAM2+, AM3

Phenom II

2 500 ..

3 700

2, 4, 6

SocketAM2+, AM3, AM3+

Athlon II

1 600 ..

3 400

2, 3, 4

SocketAM3, FM2

A-Series

2 100 ..

3 000

2, 3, 4

SocketFM2

FX-series

9 590 ..

5 000

4, 6, 8

Socket AM3+

INTEL

Celeron (Dual-Core)

1 600 ..

2 500

1, 2

LGA775, LGA1155, LGA1156

Pentium (Dual-Core)

2 600 ..

3 000

2

LGA775, LGA1155, LGA1156

Core i3

2 930 ...

3 330

2

LGA1155, LGA1150

Core i5

2 670 ...

3 600

2, 4

LGA1155, LGA1150

Core i7

2 670 ...

3 600

2, 4, 6

LGA1155, LGA1150 LGA1366

Жүйелік тақта. Жүйелік тақта (жүйе тақтасы, басты тақта) – бұл күрделі көпқабатты баспатақтасы, оған дербес компьютердің негізгі компоненттері орнатылады (1.10-сурет):
процессор – көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема;
микропроцессорлы жинақ (чипсет) – компьютердің ішкі
құрылғыларының жұмысын басқаратын және жүйелік тақтаның негізгі функцияларының мүмкіндігін анықтайтын микросхем жиынтығы;
шина – компьютердің ішкі құрылғылары арасындағы сигналмен алмасу жасайтын өткізгіштер жиынтығы;
оперативті жады (оперативті еске сақтау құрылғысы – ОЕҚ) – компьютер сөндірілген кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиынтығы;

32


тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕҚ) – компьютер сөніп тұрған кезде де деректерді ұзақ мерзімді сақтауға арналған микросхема;
жалғағыштар (слоттар) – USB, PCI және PCI-Express шиналары бойынша қосымша құрылғыны қосуға арналған.
Процессор басқа құрылғылармен, және де бірінші кезекте оперативті жадымен өткізгіштер тобы – шиналармен байланысқан. Негізгі үш шиналар: атаулы, деректер шинасы, командалық шина.
Адресті шина бойынша жіберілетін деректер оперативті жадының адресті ұяшығы ретінде қаралады. Дәл осы шинадан процессор орындауға қажетті команда атауын, сондай-ақ операцияланған командалар деректерін оқиды. Заманауи процессорларда адресті шина 32-разрядты, яғни 32 параллельді өткізгіштерден құралған.
Деректер шинасы бойынша процессор регистрлеріне және керісінше, оперативті жадыдан деректерді көшіру жасалады.

1.10.-сурет. MSIZ77AG45 Gaming жүйелік тақтасы. Төбесінен көрсетілген.
IntelPentium процессорлары негізіндегі ДК деректер шинасы 64-разрядты, яғни бір тактіде өңделуге бірдей 8 байт деректер түседі.
64-разрядты шиналар әзірленген кезде, мамандар деректердің барлық битті синхрондаудың күрделігінен өнімділікті өсіру мүмкінсіз болу проблемасымен кездесті. Әзірлеушілер топтама санын төмендету деректердің беріліс жылдамдығын едәуір максималды көбейтеді, ал ол өз кезегінде жалпы өткізу қабілеттілігін ұлғайтады деген тұжырымға келді. Осы ерекшелікке байланысты жаңа чиптар деректердің 16- немесе 4-разрядты шинасына ие, ауыстырып тастаған 64-разрядқа қарағанда, олардың үлкен өткізу қабілеттілігі бар.
Командалық шина бойынша оперативті жадыдан процессор орындайтын командалар түседі. Командалар байт түрінде ұсынылады. 1 байтқа қарапайым команда сыйады, бірақ 2, 3 және одан да артық байт қадет ететін командалар бар. Заманауи процессордың көбісі 32-разрядты командалық шинасы болады, дегенмен 64-разрядты командалық шиналы процессорлар да бар.
Жүйелік тақта шиналары процессормен тек байланыс үшін ғана пайдаланбайды. Жүйелік тақтаның барлық басқа ішкі құрылғылары, сондай-ақ оған қосылатын құрылғылар шина арқылы өзара байланыста болады. Осы элементтердің құрылымы ДК өнімділігіне толықтай тәуелді.
Жүйелік тақтаның өзекті компоненті чипсет (жүйелік логика жиынтығы) болып табылады – оперативтік жадыға, графикалық контроллерге және шеткері құрылғының котроллерына ОПҚ қосуды қамтамасыз ететін микросхема жиынтығы. Қандай құрылғылар қосыла алатыны мен келешекте компьютердің мүмкіндігін, жүйелік тақтаның өзекті ерекшелігінің барлығын дәл осы жүйелік логика жиынтығы анықтайды. Ол екі негізгі микросхемалардан тұрады, олар «солтүстік көпір» және «оңтүстік көпір»:
«солтүстік көпір» процессор және оперативті жады арасындағы өзара әрекетке, графикалық шиналар мен т.б. қолдауға жауап береді;
«оңтүстік көпір»функционалды контроллер. Ол орталық процессор және қатқыл диск, CD- и DVD-дисковод, IDE, ATA интерфейстері, PCI, PCIExpress карталары арасындағы өзара әрекетті жүзеге асырады, пернетақта, жүгіртпе, USB шиналар мен т.б. шеткері құрылғылар контроллер функцияларын орындайды. «Солтүстік көпірге» қарағанда «оңтүстік көпір» процессорға тікелей қосылмаған. Қазіргі заманауи жасалған құрылымдарда «солтүстік-оңтүстік көпірлері» пайдаланбайды және Plarform ControllerHub (PCH) технологияларымен ауыстырылған, ондағы «солтүстік көпір» функцияларының барлығы процессордың өзіне кірістірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет