Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет37/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

1.9.

КОНФИГУРАЦИЯ. ДК КОНФИГУРАЦИЯЛАРЫН ТАҢДАУ.

ҚҰРАУЫШТАР ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ



Есептеуіш жүйе құрамы конфигурация деп аталады. Есептеуіш техникалардың аппараттық және бағдарламалық құралдарын бөлек қарастыру қажет: Есептеуіш техникалардың аппараттық конфигурациясын және олардың бағдарламалық конфигурациясын.. Бұндай бөлу үрдісі ерекше мәнге ие, өйткені бір тапсырманың шешімін аппараттық та бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етуге болады. Аппараттық немесе бағдарламалық шешімді таңдау критериі өнімділік және тиімділік.
Компьютердің аппараттық жиынтығын таңдай сұрағы жеке және субъективті. Дегенмен ыңғайлы нұсқа табуға мүмкіндік беретін бірнеше ережелер бар.
Сатып алу тиімділігі. Мысал үшін қатты диск сатып алу тиімділігін қарастырамыз. Samsung фирмасының қатты дисктерге арналған бағалық жағдацлары шамамен келесідей болды (кесте - 1.2):
Сыйымдылығы 320 Гбайт болатын диск сатып алған тиімді болады деп қорытынды жасауға болады, өйткені оның 1гб бағасы 5,5 руб. құрайды. Дегенмен сыйымдылығы 250 Гбайт болатын диск алған бізге тиімдірек болады, өйткені әр қосымша алынған гигабайт бағасы 2,22 руб шығады.
Дәл осылай процессорларды, бейнеадаптерлерді және басқа құрауыштардың тиімді бағасын есептеп шығаруға болады.

Кесте - 1.2. Samsung фирмасы үшін қатты дисктерге арналған баға көрсеткіштері

Дисктің
сыйымдылығы

Бағас ы руб.

1 Гбайт үшін
бағасы, руб.

Бірнеше гб үшін бағасы

Әр қосымша гб үшін бағасы

160 Гбайт SATA-II
Samsung

1 360

8,5





250 Гбайт SATA-II
Samsung

1 560

6,24

200 руб. үшін +90 гб

2,22 руб. Әр қосымша гб үшін бағасы

320 Гбайт SATA-II
Samsung

1 760

5,5

400 руб.
Үшін + 160 Гбайт

2,5 руб. Әр қосымша гб үшін бағасы

Қалыпты баға. Бағалары қалыптасқан сипаттамаға ие құрауыштарды ғана алу қажет. Құрылғы асқан жаңашылық, сән ажиотажы кеткенше және бәсекелестер ұсыныстары шыққанға дейін нарықта айтарлықтай көп уақыт болуы керек. Бұл сәт өте маңызды, өйткені монополист ұзақ уақыт жоғары бағаны ұстап тұруға қабілетті. Баға тұрақтылығы кезінде құрылғы бағасы мен оның тиімділігі арасында тіке тәуелділік дұрыс болады. Модернизация. Компьютер конфигурациясын болашақта оны модернизациялауға болатындай етіп таңдау керек. Егер процессор бүгінгі талаптарды қанағаттандырса, ертең бұл талаптар өзгеріске ұшырауы ықтимал, осылайша процессордың тез әсер етуі жеткіліксіз болып қалады. Жаңа процессор сатып алу мәселесі туындайды. Бұл өз кезегінде аналық тақтайды өзгерту қажеттілігі пайда болады және нәтижесінде оперативті жады, қорек блогын және компьютердің басқа да құраушыларын өзгерту қажеттілігі туындайды.
Компьютердің конфигурацияларын таңдаған кезде, баяу ескіретін және ұзақ уақыт бойы модернизацияны қажет етпейтін құраушыларына қаражатты үнемдемей жұмсау қажет (мысалы, монитор немесе аналық плата). Компьютердің барлық құраушылары сипатамалары бойынша бір-біріне сәйкес келулері қажет. Компьютер деректермен алмасатын құрылғылардың жиынтығы. Өте жылдам қатты диск алуға болады, бірақ егер қатты дисктен оқылатын немесе оған жазылатын мәліметтер берілетін шинаның өткізу қабілеті аз болса тұтынушы күтілетін нәтижеге қол жеткізбейді.
Теңгерімсіз жүйе мысалын қарастырайық. Осал процессорға өте мықты бейнекарта орнатылған. Ол бейнеақпаратты өңдеу жылдамдығын арттыра алмайды, нәтижесінде кадрларды өңдеу жылдамдығы төмен боып қала береді. Бұл жағдайда бейнекарта өзіне жүктелген міндетті тамаша атқарады, тіпті уақыт жартысында тұрып қалады, ал процессор оны қажет жылдамдықта деректер ағынымен қамтамасыз етуге күші келмейді.
Конфигурациялар және компьютер құрауыштарын таңдауды қарастырайық.
Монитор. Мониторды таңдай талабы ДК атқаратын жұмыс түрлеріне тікелей тәуелді. Егер тек Интернет бойынша навигация және офистік қосымшалар қажет болса «эконом» сыныбының қарапайым LCD-мониторы жарайды. Егер компьютерден фильмдер немесе рұқсат етуі жоғары басқа бейнефайлдар қарау мүмкіндігі бар жақсы мультимедиялық станцияны жасау қажет болса және жоғары жүйелік талаптары бар компьютерлік ойындарды ойнау үшін пайдаланатын болса, ондай жағдайда әлде қайда функционалды және қымбат құрылғы қажет.
Егер компьютер сандық суреттерді өңдеу мақсаттарында қажет болса негізі электронды-сәулелік кинескоп (түтік) – ЭСТ құрайтын монитор алған жақсы. Бұл үлкен әрі көп энергияны қажет етеді, бірақ LCD-құрылғы осындай жұмыстарға талап етілетін түс берілісін қамтамасыз етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет